HammAli & Navai дуэті енді жоқ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Концерт ұнап жатыр ма?

Иә өте күшті.

Әдеттегідей жоғары деңгейде!

Өте керемет. Келесі концертіне тағы да келеміз.

Концерт үшін Ақтаудан келдім. Ақтаудан достар.

Не жетіспеді бүгінгі концертке? Бәрі ұнады ма?

Бүгінгі концертте енді жылулық жетіспеді. Кішкене салқындау болды.

 

Музыкант Navai-дің фан-базасы адал тыңдарманнан құралған. Оған дәлел, күздің суығына қарамастан жиналған көрермен. Жанкүйерлерге кумирімен жүздесу үшін тіпті қолайсыз ауа-райы да кедергі келтірмеді.

Тоңып қалдыңыздар ма?

Тоңып қалдық иә. Бірақ енді Наваи өзінің өлеңдерін қосып, бізді билетіпе кәдімгідей жылытты енді. Сонысы ұнады бізге.

 

Музыкант бұл жолы сахнаға серігінсіз шықты! HammAli & Navai дуэті 2016 жылы құрылып, бірден ТМД хитмендерінің қатарына қосылған еді. Алайда соңғы кездері артистер соло әнші ретінде өнер көрсетіп жүр. Айта кетейік, 2023 жылы жігіттер топтың тарайтынын мәлімдегеніне қарамастан ортақ істерін қайта жалғастырған еді.

Оның өзі де бізге жетті. Өзін көру өте керемет деп ойлаймын.

Әрине, өкінішті. Бірақ бәрібір концерт өте жақсы өтті.

 

Рэпер шығармашылық жолында үлкен белестерді бағындырып келеді. Оның «Пустите меня на танцпол», «Прятки», «А если это любовь?» сынды тректерінің бейнебаяндары ютуб хостингінде 100 миллионнан астам қаралым жинаған.

Navai-ды қашаннан бері тыңдайсыздар?

Мен 6-сыныптан бері тыңдаймын.

Бұрынғы «Ноты» шыққаннан бастап 2018 сол жылдары ғой. Жас болдық ол кезде біз дейтін.

 

Navai басқа артистерден өзіндік стилімен ерекше. Ол фанаттарымен әрдайым тығыз қарым қатынаста. Бакиров қарапайым мінезімен жанкүйерлерінің жүрегін жаулаған өнер иесі.

Өзінің бір смыслі бар сияқты өлеңдерінде. Бөлек әлем, бөлек аура дейді ғой. Соны айтсам болады.

Білмеймін, қазір жастардың барлығы махаббатқа жақынбыз ғой. Содан кейін әндері ұнайды.

Өзінің стилі күшті. Айтатын өлеңдері ұнайды. Мағынасы өте жақсы.

Ол өзінің харизмасымен баурайды. Наваидың жан дүниесі ерекше. Мен оны қатты жақсы көремін.

 

Музыканттың репертуарындағы тректердің көп бөлігі махаббат пен сезім жайында. Оның композицияларының әрқайсысы тыңдарман үшін орны бөлек туынды.

Қай әнін ерекше тыңдайсыздар?

«Где ты теперь и с кем?»

«Зачем ты врешь?», «Прятки», «Фары туманы».

Сол классика «Ноты» ғой бұрынғы. Маған «Музеи и театры» ұнайды!

 

Navai шоу жасаймын деп аптығып, таңқалдырамын деп талпынбады. Жәй ғана 2 сағат үздіксіз, жанды дауыста хиттерін шырқады. Ал фанаттар ерекше эмоциялық күйге бөленді.