Жахан Отарғалиев, кинопродюсер, актер:
– Жаханды қинаған мәселе қандай, айта аласыз ба?
– Мен енді оны елдің бәрі біледі ғой. 16 жыл болды бала сүюді армандап жүргеніме. Ол менің басымнан өтіп жатқан проблема, ол қазір елде де болып жатқан, мен сияқты сондай бір қиналып жүрген азаматтар болатын болса, солардың бір мұңын жеткізгім келеді. Бір кішкене бізге де, біз де осындаймыз деп.
«Болған оқиғасымен» фильм түсіріп жатқандарға қызықты ма, әлде өз тағдырын көрсеткісі келді ме? Әйтеуір «енді кино таспаламаймын» деген продюсер, араға екі жыл салып, дәл осы тақырыпты қозғайтын лента ұсынбақ! Сценарий дайын, уақыт белгіленген. Тек актерлық құрам мен режиссерді табу ғана қалды.
Жахан Отарғалиев, кинопродюсер, актер:
– Бұдан былай кино түсірмеймін деп айтып едіңіз.
– Қандай жанрда болады?
– Негізі ол өзімнің өмірімнің бір бөлігін алып түсіргім келіп тұр. Сол тақырыптың төңірегінде ғой. Өте үлкен жоба болады. Нақты мен өзім ойнаған кезде қазір толығымен драма деп айта алмаймын. Қолымыздан келгенше, бірақ драма түсіргім келіп тұр енді. Бірақ бәрібір күлдіртемін ғой. Мықты дүние болып шығады деген сенімдемін.
«Бала сүйе алмағандардың» тағдыры жайлы тақырыпты бұған дейін Дариға Бадықова «Таптым-ау сені 2» фильмінде көтерген еді. Алайда Жахан бұл картинада тек әйелдің күйзелісі ғана көрсетілгенін атап өтіп, енді ер азаматтардың ішкі жан дүниесіндегі қиындықтарды жеткізуді мақсат етеді.
Жахан Отарғалиев, кинопродюсер, актер:
– Бұған дейінгі фильміңізде үйіңізді саттыңыз, ақшаны жан-жақтан жинадыңыз. Бұл жолы қаржыны қайдан аламын деп көздеп отырсыз?
– Негізі үйімді сатып кино түсіргеннен кейін, мен тағы 2 кино түсірдім ғой. Сол кезде қолдаған бауырларымыз бар. Жалпы негізі, қорықпау керек деп ойлаймын. Ең бастысы дұрыс нәрсе жасаймын, жақсы нәрсе түсіремін десең, ар жағында барлығы болады.
Картинаның түсірілімі келесі жылдың сәуір айына жоспарланып отыр. Ал әзірге Жахан Отарғалиев әлемдік аренаға шығатын фильмнің басты рөліне бекітіліп, шетелге аттанды. Эксклюзив жаңалықтан қапы қалмау үшін НТК арнасы қосулы болсын!