Жігітке жеті өнер де аз. Нұрболхан Шарапов енді кинорежиссер!

Сообщить о проблеме с эфиром

Елдос Қадірханов, кинопродюсер, әзілкеш:

Көшеден келген біреулер, блогерсымақтар деп! Өзінің туысы болсам айтпайтын еді ондай ештеңе

 

Фильм түсіреміз дегелі осындай сыннан көз ашпаған Елдос Колобок пен Нұрболхан Шарапов көрерменге уәжін жеткізді. Бізді блогер деп танығанымен, кәсіби киномамандармыз дейді. М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің түлектері 4 жыл бойы аталмыш саланың қыр-сырын меңгерген екен. Алған білімін дәлелдемек болып күш біріктірген танымалдар күнікеше су жаңа «Болған оқиға» лентасының тұсауын кесті.

 

Елдос Қадірханов, кинопродюсерғ әзілкеш:

Киноны бастаған кезде бір-бірімізге сенетін болсақ қана қосылайық дедік. Болмаса керек емес деген ойға келдік.

Жоба барысында мүлде ұрыспадыңыздар, кикілжің болмады

Жо-жоқ, ары кетсе 3 рет послать еткеніміз бар бірімізді, қатты ұрысқан жоқпыз. Енді ол алғашқы режиссерлік жұмысын деген кезде шабытын өшіріп алмау үшін режиссердің да көңіліне қарадық.

 

Трейлерге қарап фильмнің желісін болжаймын десеңіз, қателесеіз. Себебі «болған оқиға» – күтпеген хикаядан сыр шертеді. Көпшілігі Елдос Калабоктың өмірі жайлы деп топшылағанымен, бұл жетімдер үйінде өскен 3 тағдырдың жолы баяндалатын картина.

 

Тастанды балаларды бауырына басқан тәрбиешінің рөлін Лейло-Ханинго Бекназар сомдайды. Актриса дебютанттардың кәсібилігінен күдіктенгендіктен жобадан бас тартқан екен. Алай фильмнен кейін жұмыстарына дән ризамын дейді.

Лейло-Ханинго Бекназар, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актриса:

Жігіттер әбден пісіп келді деп ойлаймын осы киноға. басында келіскен жоқпын, шынын айту керек. Нұрболхан екеуіміз бірге түсіп жүрген соң қойшы мына бала чет не серьезный деп айтып жүретінмін.

 

Кастқа таңдалғандар қатарында Нұрсұлтан Үсенов, Ұлболсын Шалқарова, Бақытгүл Серікова мен Жанболат Найзабеков бар.

Елдос Қадірханов, кинопродюсер, әзілкеш:

Тегін түскен актер бар.

Кім?

Міне!

Туыстық та бауырмсашылдықта қарым-қатынас болған соң, «әй Жанболат бұл біздің бірінші кино, ертең өтеді-өтпейді, халыққа ұнайды-ұнамайды білмейміз, бірақ сен де түскеніңе өкінбейтіндей кино жазамсыз, брақ сен түсіп берші!» дедім. Жынды түссең, бір футболка әперем дедім. Көреміз, кино бітсін, қолымызда қалса бренд әпереміз, қалмаса жәй жейде әпереміз.

Елдос мырза оңай құтыламын дегенімен, гонорарсыз актер футболканы місе тұтпайтын сынайлы.

Жанболат Найзабеков, актер:

Егер касса жақсы қаржы жинайтын болса, достарыңыздан не күтесіз, қандай сый күтесіз?

Қой, ондай бір есеппен араласатын достардан емеспіз.

Қалағаныңызды айтып қалатын сәт қой?

Білмеймін, 3 бөлмелі пәтер алып берсе болды.. әзіл-әзіл.

 

Елдос Қадірханов, кинопродюсер, әзілкеш:

Басында ойлағанбыз, 50-50 млннан шығармыз 100 млн жақсы фильм түсіре аламыз деп.

Нұрболхан Шарапов, актер, режиссер:

Елдосты солай көндіргенмін алдап, процесске келген кезде, өте көп қаржы шығып кетті.

Елдос Қадірханов, кинопродюсер, әзілкеш:

Кредит аман болсын, киноға қомақты млн ала салатын таныс-тамыр жоқ екен.

Қазір Елдос мырзаның қанша қарызы бар?

Шамамен 100 млн үстінде

 

Фильм бүгіннен бастап үлкен экранда! Ал желісі жоба авторларының шынайы өміріне негізделген.