«Бір кезде сені сүйгенмін.
Сөзіңе сенгенмін.
Мені қолдайды, қорғап жүреді деп ойлағанмын!
Бірақ сен мені әлсіз етіп, өзіңе бағынышты еткің келді!»
Мөлдір Мұқан алдымен осындай жазба жариялап, көрерменді бір толғандырды. Сосын көзіне жас алған видеоны жүктеп екіұшты ой қалыптастырды. Сондықтан көрерменннің ажырасты деп болжам жасауы бекер емес. Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды емес пе
Мөлдір Мұқан, продюсер, Т. Қабатовтың жары:
– Мен бір құпия айтайын осы сәтте, сізге де қызық болар, біз жұбайлар ретінде, кімді айтып тұрғанымды білесіз, үй ішінде ұрыс болмаған, ыдыс-аяқ сылдырлау деген. Мен балалардың көзінше айғайлай алмаймын, өзіне де дауыс көтермейміе, дауыс көтерсем өзім дауысым дірілдеп кетеді ғой. Сондықтан өзім де таңғаламын, қатты ұрысып та көрмегенбіз, неге мұндай жағдай болды деп.
Ақпараттың рас-өтірігін жақында жарық көретін алғашқы толықметрінде тарқатпақ.
Мөлдір Мұқан, продюсер, Т. Қабатовтың жары:
– Қойғыңыз келіп тұрған сұрақты біліп тұрмын. 20-қараша болатын «Шәй в большом городе» фильміндже бар сұраққа жауап аласыз.
–Жеке отбасыларыңызға қатысты талқыланып жатқан мәселе фильмнің маркетингі ме?
– Сіздерге шындықты айтайыншы, осы жерде маркетинг кетті. Шындықты айтатын сәт кеді. Хайп деген нарсені жақсы көрмеймін, маркетинг жоспарланып жатқан жоқ. Болды, кетті.
Бұдан артық сауалға жауап бергісі келмеді. Біз де қинамадық. Біздің обьективтен сытылғанымен, әріптесімдікінен құтылмады. Көптің көкейіндегі сауалды төтесінен қойды.
Мөлдір Мұқан, продюсер, Т. Қабатовтың жары:
– Сонда Тұрсынбек аға екеуіңіз екі жаққа кеттіңіздер ме?
Мен олай деп айттым ба. Менің өмірімде болып жатқан сәттері осы кинода көрсетіледі дедім