«Киноға түсуге құлшынысым жоқ!» Еркебұлан Тоқтар тосын мәлімдеме жасады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Еркебұлан Тоқтар, актер:
– Бұрынғыдай құмарлық жоқ. Мына жылда менде екі-ақ жоба мысалы. Оның өзінде тек гонорармен қызықтырды. Қалғандары енді төлей алмайды шынын айтқанда. Сондықтан түсуге тұрарлық жоба шыққан жоқ, аз ақшаға түсуге болады-ау деген.

 

Алға қойған мақсаты анық сері тек ақша әкелетін салаларға қана басымдық бермек. Себебі, жас жігіттің бар арманы темірді қызған кезінде соғып үлгеру. Кейін өкінбесем деген ниеті де бар.
– Өзіңізді басқа салада көргіңіз келмей ме?

Еркебұлан Тоқтар, актер:

Бизнесте ғой тек қана. Тек қана ақша табу ғой. Мен бір қырыққа дейін ақша тапсам болды. Әрі қарай демаламын мен. Жұмыс істегім келмейді. Өмір сүргім келеді. Сондықтан қазір бір 10 жыл тағы жақсылап еңбек етіп алу керек.
 

Тоқтар-тегі бой көрсететін осы жылғы қос туындының бірі «Бишарашки» комедиясының 4-бөлімі. Келіскеніне қарағанда қаламақысы көңілінен шыққан көрінеді.

Бұл фильмге не үшін келістіңіз?

Еркебұлан Тоқтар, актер:
– Мен бұл жерден бас тарта алмаймын. Одан кейін енді бәрі мына жерде жұмыс істеп үйреніп қалған адамдар. Кәдімгі бір ұжымбыз ғой. Тек актерлер есем, жалпы ұжым сақталды.Сондықтан бұл жандармен уақыт өткізу қызық.
–Арнайы талаптар қойдыңыз ба продюсерге?
– Жоқ ешқандай талап қойған жоқпын. Қазір бәрін біледі. Мен мысалы газдалған сусын, қантпен ешнәрсе ішпеймін. Соны біледі. Маған қантсыз алып келеді.

 

Ал туындыда Еркебұланның анасын сомдайтын актриса Әсел Сағатова райдеріне қатысты ренішін жеткізді.

Әсел Сағатова, актриса:

Өкінішке қарай біздің қазақстандық актерлердің талаптары өте қарапайым. Соның өзінде оған қатты назар аударып жатқан ешкім жоқ. Ешбіріне ерекше жағдай жасалып жатқан жоқ, ешкімнің еркелігі де бөлек ескерілмейді. Сондықтан, жалпы алғанда, қазақ киносының бір жақсысы — бәрімізді тең дәрежеде ұстайды. Мұнда бәріміз бірдейміз, ешкім ешкімнен артық емес.

 

Байтеміровтер отбасы бұл жолы Үнді еліне сапарға аттанады. Үнемі шытырманға тап болатын төрттік кезекті бөлімде отбасылық құндылық тақырыбын ашып көрсетпек. Тіпті Еркебұланның кейіпкері де бойдақтықпен қоштасып, әке атанады.
Жан Байжанбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:

Бұл бөлімде ата болдыңыз иә сіз?

Мүмкін ол мүлде менің немерем емес шығар. Ата болмай шығуым да мүмкін. Сол үшін фильмді көру керек.
Әсел Сағатова, актриса:

Бірінші бөлімде менің кейіпкерім өте ерке, қыңырлау болатын. Ал өткен бөлімде ол біраз жұмсарып, түсінігі молайып, күйеуін қолдайтын деңгейге жетті. Енді бұл жолы сол өзгеріс әрі қарай жалғасады деп ойлаймын. Өйткені Мөлдірде аналық инстинкт пайда болды. Бұл — ең бастысы.
 

Алғашында шағын ауылда таспаланған картина бүгінде көрермен сұранысына ие болып, ауқымды франшизаға айналды. Үнді еліне сапар түрлі қызықтарға толы болады деп сендіреді авторлар.
Жан Байжанбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер:

Қызықтар өте көп болады. Үнді десе өзі ән айтып, би билеген адамдар елестейді ғой көз алдымызға. Сондықтан ән-күйсіз болмайды.
– Сіз Үнді тілінде ән айтып, би билейсіз бе?

Мүмкін, мүмкін...
 

Байтеміровтер әулеті о бастан, Үнді еліне не үшін аттанатындарын құпияда ұстауды жөн көрді. Шытырманға толы отбасылық комедия қалай жалғасарын білгіңіз келсе, жаңа жыл қарсаңында кинотеатрға асығыңыз.