Роза Әшірбаева, блогер:
– Бала тәрбиесіне дым қызықпайтын және керісінше балаға қатты назар аударатын екі түрлі кейіпкерді көрсетеді. Ойы бар, құндылығы бар кино деп ойлаймын. Әсерім керемет.
Қайрат Әділгерей, актер, кинопродюсер:
– Актерлік ойын тамаша!Дулыға аға, Жанболат. Анау алып шықты, мынау дейтін емес. Бір киноларда болады ғой. Бұл жерде бәрі бірыңғай. Ортақ дүние шығарған.
Мөлдір Мұқан, кинопродюсер:
– Еркек дегеннің әдемі нәзік жүрегін көрсеткен, балаға деген махаббатын көрсеткен. Осы замандағы көп әкелер, балаларына қарамай кеткен әкелер көріңіздер.
Гүлнұр Мамасарипова, кинопродюсер:
– Негізі біз грин-флаг әкелерді түсіргіміз келді ғой.Әубаста табиғатында балаға қатысты дүниенің барлығын әйелдің мойынына артамыз ғой. Арту былай тұрсын артып аламыз. Бірақ шындығында бала әйелге де, еркекке де ортақ қой. Ер азаматтар кем қарамайды балаға, бізден қатты жақсы көрмесе бізден артық қарайды. Мүмкін біз оларға осы мүмкіндікті бермейтін шығармыз. Осы жайлы.
Гүлнұр Мамасарипова кезекті толықметрінің тұсауын кесті. Жанры экшн-комедия. «Көрерменге эмоциялық ләззат сыйлау үшін қаржы аямадым»,- дейді кинопрдюсер.
Гүлнұр Мамасарипова, кинопродюсер:
– Біз о баста көлікті сатып алдық, оны жарып жіберетінімізді білдік және жарып жібердік. Әр атылған оқ ақша тұрады. Режиссер бізге айтқан 100 оқ, 150 оқ тапсырыс беріңдер деп. Бірақ түсірілім барысында ол 2-3 есеге өсті. Бұл менің дәл қазірге дейін түсіргендерімнің ішінде ең құымбаты осы фильм боп тұр .
– Құнын біле аламыз ба? Бұған дейін 150 дегеніңіз есімде?
– Бұл одан көп әлі санап жатырмыз. Шамамен 180-ге барып қаламыз деп отырмыз.
Басты рөлде Дулыға Ақмолда. Актер криминалды серінің рөліне таңдалған екен.
Дулыға Ақмолда, Қазақстанның Халық әртісі, актер:
– Шынайы оқ атылды, жарылыс сахналары бар дегенді естіп қалдық. Каскадер, дублерлер алмастырды ма? Әлде өзіңіз ойнадыңыз ба?
– Төбелес сахналары болды. Бәрін өзім жасадым. Бір-ек ауыр тұстарын ғана дублер істеді. Қалған төбелесті өзім жасауыма тура келді. біз мысалы төбелес сахналарын 3 күн ба, 4 күн ба түсірдік. Уақыт бөліп, асықпай түсіруге тура келді. Өйткені төбелес сахналары көп болды.
Фильмнің желісі бойынша Жанболат Найзабеков-тің кейіпкері бала сүюді армандайды. Бір күні ол қоқыста жатқан нәрестені көріп бауырына баспақ болады, алайда шақалақтың туған әкесі пайда болып,тартып алмаққа бекінеді.
Жанболат Найзабеков, актер:
– Біз трейлерден 9 айлық баланы байқап қалдық. Ортақ сахналарыңызщ бар сияқты Оңай болды ма, қиынға соқты ма?
Енді мен 5 баланың әкесімін. Баланы жуындыру, макссаж жасау бәрін білемін, ешқандай қиындық тудырған жоқ. Кәдімгі суға да түсірдім. Массаж да жасадық, жаялығын да ауыстырдық. Дулыға аға да таңқалды «үй мынау бәрін біледі ғой!» -деп.
Продюсер сәби іздеп біраз сабылған екен. Ақыры, әріптестерінің бірі 9 айлық баласын түсіруге келісім берген.
Жанболат Найзабеков, актер:
– Ең қымбат актер Жанболат Найзабекңов деді. Сондықтан гонорарыңызды білуге асықпыз. Айтыңызшы?
– 5 пен 10 -ның арасы.
– 6-9 бар, 7-8 бар. Қайсысы?
– Соңғысы
– 9 миллион ба?
– 8
«Әкеңнің баласы» фильмі 23- қазаннан бері үлкен экранда! Күлкіге қарық болып, экшн-сахналарға тәнті боламын десеңіз, кинотеатрға асығыңыз.