Рэпер Yenliк алғашқы соло концертін неліктен аренада өткізбеді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әр трегінде заманауи поп әуен мен қазақы нақышты үндестіре білетін Yenliктің шығармашылық жолы 2021 жылы басталды. Содан бері оның кез-келген туындысы – сөзсіз хит. Феминизм, еркіндік, сезім, философия... Оның әрбір әні көпке ой салмай қоймайды, оның ерекшелігі де сол.

 

Енді міне, өнер иесі алғашқы жеке концертін өткізіп отыр. Алайда, аудиториясының ауқымына қарамастан Еңлік концертін кішігірім етіп ұйымдастырған.

Yenliк, музыкант:

Әсерімді жеткізе алмайтын шығармын. Себебі, біз бүкіл командамен бұл күнді көп жыл күттік. Қатты қорқақтадық басында. 4 жыл болды ғой өйстіп ән айтып жүргеніме. Сондықтан алғашқы концерт болғаннан кейін уайым да болды.

 

2025 жыл Еңлік үшін жемісті болды. Жеке кешінен бөлек, музыкант өзінің «Bipl» атты алғашқы альбомын жарыққа шығарды. Еске салсақ, ондағы «Мейлі» трегі тек Қазақстан ғана емес, күллі ТМД, АҚШ-қа дейін таралып, әлеуметтік желіде хитке айналған еді.

Сондай нәтиже күттіңіз бе?

Yenliк, музыкант:

Негізі жоқ. Бірақ әрине жазған кезде бар күшімізді салуға тырыстық. Бірақ, ондай үлкен бір назарға ие боламыз деп ойламадық. Сондықтан қуаныштымыз.

 

Бұл кеште Еңліктен өзге, сахнадан оның әріптестері де табылды. Адуынды әнші Рауанамен «Pil», Shiza-мен «I can believe», «Koka» тректерін, сондай-ақ, Аль Nasr-мен «16 қыз» туындысын шырқады.

Al’Nasr, музыкант:

Еңлік қазір Құдай қаласа қазақ атын, қазақ дауысын, қазақ үнін, қазақ тілін әлемге шығаратын қыздардың бірі. Мен оған қатты кәміл сенемін.

 

Ал кештің басты қонағы – мэтр Жұбаныш Жексенұлы болды. Муызкантты бұл кештен көремін деп ешкім ойламғаны анық.

Еңлік қарындасыңыздың өнерін кәсіби артист ретінде қалай бағалайсыз?

Жұбаныш Жексенұлы, әнші:

Біз осыдан біраз жылдар бұрын рэп қазақша жараспайды деп мен өзім жеке басым, өзім де сөйтіп ойлайтынмын. Ал енді қазір Еңліктерден кейін қазақ тілі рэп жалпы қазақ тілі үшін деп қаласың ғой.

 

Көпшілік Жұбаныш Жексенұлы мен Еңліктің фитінен үмітті еді. Алайда мұндай коллаб - уақыттың енсішінде.

Yenliк, музыкант:

Осы сәтті пайдаланып, Жұбаныш ағаға рақмет айтқым келеді. Келіп, мені қолдап әнін айтқанына. Сол. Мен бүгін бақыттымын.

Жұбаныш Жексенұлы, әнші:

Мен енді еркелетіп «Енличок» деймін. Қаршадай қазақтың мына біздің музыканың қарлығашы ғой. Тупактай оқиды ғой.

 

Еңлік концертте трэк-листіндегі 23 әнді түгелдей жанды дауыста орындап шықты. Екі сағатқа созылған кеш көрермен үшін 20 минуттай өте шықты. Айта кетейік, шараға жиналған 2 мыңға жуық тыңдарман арасында жұлдыздар да жетерлік.

Sabirkin, блогер:

Еңлікті алғашқы әні шыққаннан бастап тыңдаймын. Ең жақсы фанатымын десем де болады.

Еркебұлан Тоқтар, актер:

Шығармашылығы ұнайды. Бүгін концерт дегеннен кейін келдім. Ешкім шақырған жоқ. Бұл кісіге билетті әлеуметтік желіге салып, сатудың керегі жоқ.

Бақытгүл Серікбаева, актриса:

Дәл осы концертті мен ұзақ күттім. Және өте қатты қуаныштымын. Енді қазіргі таңда соңғы шыққан альбомын сүйіп тыңдап жүрмін.