Бәрі бітті! Bоtа Mia мен Асқар Оразбаевтың айырылысқаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ол ғашықтар қаласы Парижде «иә»,- деді. Артынша жасауын түгендеп, ұзатылу қамына кірісті. Жақында той деп сүйіншілетті. Шақырту күтіп жүр ек, күтпеген жерден «бәрі бітті»,-деп мәлімдеме жасады. Асқар Оразбаев пен Бота Мианың махаббат оқиғасы шынымен де аяқталды ма? Әлде блогерлер хайп жасап, қаралым арттырмаққа ниетті ме?

Асқар Оразбаев, блогер:

Бұл ешқандай хайп емес, екеуіміз екі жақтамыз. ол жақта да атап айтатын мәселе жоқ, Біз екеуіміз ортақ шешіммен осылай шештік.

Екі жылдық махаббат бір әңгіменің төңірегінде үзіліс алды дегенде сену қиын ғой?

Ішіне кіріп бара жатырсыз ғой сіз

Қай жерден қателесті Асқар, соны айтайықшы жарайды?

Бота жақта бәрі жақсы, ол алтын қыз, қателіктің бәрі мен жақта

Қандай қате жібердіңіз?

Мүмкін уақыт көбірек созып қойған болармын, нақты қадамдарсыз болып қалған шығар… айта берсең көп қой.

Тоқтатайықшы дегенді кім айтты бірінші.

Терлеп кеттім ғой.

 

Асқар әлі де үмітті екенін жасырмады. Сөзіне сенсек, Ботаны қайтару үшін барын салып жатыр-мыс.

Асқар Оразбаев, блогер:

Асқар үшін ара-қатынас аяқталды ма әлде уақытша үзіліс пе?

Асқар үшін уақытша

Бота үшін?

Мүмкін аяқталған шығар, ол жағын алдағы уақытта білеміз..

Демек сіз бәрін қалпына келтіру үшін күресіп жатырсыз ба қазір?

Кішігірім, баспен кетіп жатқан жоқпыз

Қандай қадамдар жасап жатырсыз?

Қазақстанның топ әншісі Ильханды танитын шығарсыз. Сол біздің мазхаббатымызға ән арнады. Ол да үлкен қадам ғой.

 

«Біздің сезімді әнге салдық»,- дейді сері. Релиз жақында жарыққа шығатынын да айтып қалды. Бейнебаянға Ботамен түсуге ниетті екенін де жасырмады. Ильханның жаңа трегін жарнамаламақ па деп ойладық. Ақ-қарасын уақыт көрсетер.

Асқар Оразбаев, блогер:

Көңіл бөлмеу, бағалы сыйлықтар деген нарсенің де әсері бар ма?

Жоқ, ондай қыз емес. Ондай көңіл бөлмеу, көңіл мен бөлгем, оны өзі де біледі, халық та біледі.

Мәселе, тек нақты қадамдарда болса, уақыт созбай тойдың күнін белгілеу керек-ау. Шақырту күтеміз