Ол махаббат жолында өнерін сарп етті. Сахнаны ас үйге алмастырды. Қысқасы, ерінің киноиндустриядағы қадамын қолдап, өзі тасада қалды. Бірақ еңбек нәтижесіз. Себебі, ғашықтардың хикаясы біз күткендей хэппи енд-пен аяқталмады, оқиға ажырасу, күйзеліспен жалғасты.
Иә, ерік-жігерін жинап сахнаға қайта оралды. Камбэк жасаған Балжан Бидаш енді көрерменін жаңа бейнебаянмен қуантпақ. Баяу ән орындағанды ұнатпайтын танымал бұл жолы репертуарын афробит жанрындағы музыкамен толықтырған.
Балжан Бидаш, әнші:
– Жаңа әнім. Қыздардың ішкі жарасы қозғалған. Fake деп аталады. Себебі, жалған махаббат есебінде алып қарадық әннің тақырыбын.
Балжан шығармашылығын дамытуға білек-сыбана кіріскен. Бүгінде өзінің командасын жасақтап, жаңа белестерді бағындыруға сақадай сай.
Балжан Бидаш, әнші:
– Мен ойлаймын негізі әйел адамның кез-келген нәрсені ұзақ уақытқа жоспарлайды иә. Бірақ уақыт өте келе бәрі басқаша боп кетеді. Себебі, екі адамның көзқарасы екі түрлі деегн сияқты. Бұл жерде әннің сөзінде артық уәде беріп, уәдесінде тұрмайтын жігіт туралы айтылуы мүмкін. Тыңдарманға байланысты, қалай қабылдайды солай.
Әңгімесіне қарап, өз өткенін баяндады ма деп ойладық. Біздікі тек болжам. Сондықтан дұрысын өзінен сұрайық. Балжан ханым, үндеуіңіз жігіттер қауымына арнала ма? Әлде экс-күйеуіңіз Жахан Отарғалиевке ме?
Балжан Бидаш, әнші:
– Осы сұрақты қоймай-ақ қоясыз-ау деймін, ол кісінің аты болғанын қаламаймын. Менің ғана өткенім емес, көп қыздардың өткені айтылады деп ойлаймын.
Әнші әңгімесін былай түйіндеді.
Балжан Бидаш, әнші:
– Қыздарға айтарым: өздеріңді құрметтеңдер, өздеріңді жақсы көріңдер! Ол эгоизм емес, ол өзіңді бағалау.
Бейнебаян үшін 4 образымды жасақтап, арнайы би қойылым үйрендім дейді. Әңгімесіне қарасақ, тыңғылықты дайындалған. Баға беруді, көзі қарақты көрерменге қалдырдық.
Балжан Бидаш, әнші:
– Құрметті көрермен, қазір түсіріп жатқан клипті көргіңіз келсе, ресми ютуб арнама 19-20 қарашада шығады.