НТК телеарнасында су жаңа телехикая! «Паралель»

Сообщить о проблеме с эфиром

Ерсін Айтмұқаш, кинопродюсер, актер:

Жалпы алаяқтыққа байланысты сериал, бірақ бұл жерде тағдырлар, достық туралы сериал. Көбіне мына үйде отырған үлкендеріміз алданып қалады, құпия сөздерге мүмкіндікке ие болғысы келеді. Сондай бір алаяқтықпен айналысамыз деп шешкен жігіттердің, оңай байығысы келетін жігіттердің сәтсіздікке ұшырауы туралы…

 

Басты рөлдердің бірі «игрок», «стремяги», «под контролем» сынды толықметрлер арқылы кеңінен танылған, жас талант Дамир Мадиевтің еншісінде.

Дамир Мадиев, актер:

Кейіпкері Ерасыл есімде жігіт, студент, бұзықтау. Бірақ, бұл бұзықтығын ақтап алуға болады деп ойлаймын… Енді отбасындағы жағдайлар бар, сол үшін де осындай тірлікке барды деп ойлаймын.

 

Кастқа таңдалғандар қатарында Жасұлан Әйтен де бар. Актер бұл жолы тергеушінің рөлін сомдамақ.

Жасұлан Әйтен, актер:

Бастағы тергеуші болған рөлім мен қазіргі келмейді. Айырмашылығы бар. Жұмыс жасаған кезде алдын-ала ақылдасып, тұжырымды ойға кеп жасаймыз..

 

Нұржігіт Мергенбай да құқық қорғау органдарының қызметкерін сомдайды. Бірақ актер тыныштықты күзеткен тәртіп сақшыларының қатарынан емес. Кейіпкері заңды белшесінен басатын антогонист.

 

«Экшн сахналар оңайға соқпаған көрінеді. 15 қабатты үйдің шатырындағы түсірілім қауіп-қатерге толы болды дейді шығармашылық ұжым.

Нұржігіт Мергенбай, актер:

Жағымсыз кейіпкерлермен қалай болса солай қарым-қатынас жасайды ғой..

төбелес болғанда төбелес емес, мен таяқ жеймін. Оған дайындық керек емес, сол сахналар қиын болды. Өйткені жоғары қабатта түсірдік.

 

Қылмыскерлер жайлы фильм таспалап жатқан шығармашылық ұжым да онлайн алаяқтардың құрбанына айналғанын жасырмады.

Нұржігіт Мергенбай, актер:

Жақында ғана менің анам онлайн алаяқтардың құрбанына айналдым. Өте қиын жағдай болды. Шамамен 780 мың теңгеге сондайға алданып қалды. Соны жабу үшін осыдай жүрміз...

 

Сценарий авторы - Тұрсынбек Слямбеков. Оқиғаларды ұйқастыру оңайға соқпады, идея пайда болғаннан бастап оқиғаның 4 нұсқасы жазылды дейді. Тұрсынбек басты рөлдердің бірін сомдайтынын да айта кетейік.

Тұрсынбек Слямбеков, сценарий авторы, актер:

Кейіпкерімнің аты - Сымбат, білімгер, үш жігіттің бірі, мінезі жұмсақ, ақкөңіл, досқа адал, ақылды. Осы топтағы ақылды осы бала.

 

Телехикаяның желісі студент жастардың оқиғасын баяндайды. Кедейлікттің күйінен айырылып, баюға асық бозбалалар онлайн алаяқтықпен ақша табуға бел буады. 16 жастан асқан көрермендерге арналған туынды жұмыс күндері эфирде. Хикая қалай өрбитінін білгіңіз келсе, арнадан алыстамаңыз көрермен.