Сүйінші! 10 жыл бойы сәби сүйе алмаған Елдос Колобок әке атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Елдос Қадырханов, блогер:

Күшті екен бұл сезім. Қаншама жылдық қайғымызды ұмытып қалдық. Бірнеше күн ұялы телефонда алған жоқпыз. Балапанымыздың бетіне қарап, маңдайын иіскеп отырдық. Әр қазаққа жұғысты болсын.

 

Тұңғышы – атұстар. Блогер ұлы ғаламға танылсын деп есімін Әлем деп қойған. Өзіңіз қалағандай, шексіз мейірім төгетін, пейілі кең, еркін азамат болсын.

Таңшолпан Шотаева, блогер, Е. Қадырхановтың жары:

Салмағы 4,34 грамм, бойы 58 см. Осындай батырды дүниеге әкелдім. Жұғысты болсын бәріне...

 

Көз жасына ерік берген Таңшолпан ханым осылайша қысқа қайырды. Жолдасына шекесі торсықтай ұл сыйлаған блогер «сыйлық сұрап әурелегім келмейді»,- дейді. Сондықтан сауалды Елдос мырзаға жолдадық. Сияпаты жайлы ашып айтпады, есесіне жарына алғысын жаудырды.

Елдос Қадырханов, блогер:

Сәтті пайдаланып, ұл сыйлағаныңа рақмет демей тұрып: осы сынаққа шыдағаныңа, менімен бірге осы жолды жүріп өткеніңе рақмет...

 

Расында да, көпшілік бедеу деп күндесе де сынбады. Күйеуінің сырқаты жайлы өзі айтпайынша тіс жармады. Бастысы сынаққа сынбай, қасында қалды. Нәтижесі алдарыңызда.

Жанат Қалтаева, Е. Қадырхановтың анасы:

Міне осындай немеремізге жеткенімізге, жылағым кеп кетті ғой.

Жылама, жылама сен аман бол, немерем!

 

Бұл перзент талай отбасының көңіліне үміт отын жақты. Сәби иісін аңсап жүрген ата-аналардың әлі де сынбауына әсер еткені анық. Сіз де балалы болуды аңсап жүрсеңіз, шаңырағыңызда іңгәләған дауысты естуді жазсын.

Елдос Қадырханов, блогер:

Осы отбасылы өмірге куә болып, тілегін білдіріп, тілекші болып, «ұрпақ сүйсін!» деп, жақсы лебіздерін жеткізген оқырманға алғысым шексіз! Сол халықтың тілеуімен, ел-жұрттың батасымен басты арманымызға қол жеткізіп жатырмыз...