Нора Нұғман соло концертін беремін деп күйзеліске ұшырады ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бірқатар отандық орындаушының артында Нора тұр десек, артық айтпаспыз! Вокалист ретінде талай әншінің жұлдызын жаққан өнер иесінің сахнада жүргеніне 30 жыл. Осы уақытта халықаралық жарыстарда өзінің кәсібиліген бірнеше мәрте дәлелдеген талантты артист енді өз кешін бермекке шешім қабылдаған.

Концертке дайындық қалай болып жатыр?

Норa Нұғман, әнші:

Депресияға кіріп кете жаздадым. Концерт үшін. Концерт жасау оңай емес. Өте қиын. Әртістің өзі барлығын жасайды. Анаған да алаңдайды, ақшаға да алаңдайды деген сияқты. Оның бәрі қып қызыл ақша.

Енді жаңа өзіңіз айтып жатырсыз ғой. Қып қызыл ақша деп. Бір соло концерт өткізу қанша тұрады?

Шамамен 100 миллиондай тұрады. Енді оның ішінде мен қысқарттым. Анасын, мынасын деген сияқты. Тек ғана сол тек ғана үлкен оркестр болады. Көреміз, шығыны шығып жатыр. Күннен күнге көбейіп жатыр, анасы бар, мынасы бар.

 

Нораның концерттегі трек-листінде барлығы 22 ән. Кеште бір туындысының тұсауын кеседі. Өнер иесі бұл кеште тыңдарманды барынша таңқалдырмақ ниетте.

Сіздің концертінізде бір сахнаға қанша жанр тоғысады?

Нора Нұғман, әнші:

Жанрлар көп. Өйткені мен сондай вокалистпін. Мен сондай әртүрлі жанрды жақсы көремін. Әр түрлі бағытта ән айтқым келеді. Сондықтан джаз да, рок та, хип-хоп та болады.

 

Кеште Нора Нұғманның өнердегі әрі өмірдегі құрбылары да өнер көрсетеді. Атап айтсақ, хит тректерін қос ғасырдың ұрпақтары да жатқа білетін танымал артистер Дильназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова, Луина.

Нора Нұғман, әнші:

МузАрт та болу керек болатын, Молданазар да болу керек болатын. Өкінішке орай мен олармен 1 қарашаға қарай сөйлесіп қойғанмын. Енді 28 қарашаға ауысқаннан кейін кішкене өздерінің гастролдері шығып кетті.

 

Айта кетейік, әнші концерт үшін қаржысынан қағылып қана қоймай, кейбір достарының сатқындығына да ұшыраған болып шықты.

Концерттің режиссері кім?

Нора Нұғман, әнші:

Концерттің режиссері деген әңгіме енді бізді лақтырып кетті. Бізді енді басқа адам лақтырып кеткеннен кейін айттым Ляззат Биғалиге амал жоқ, сен боласың деп.

Тастап кеткен кім екенін айта аласыз ба?

Айтпаймын.

Танымал адам ба?

Өте танымал адам. Иә. Айтсам содан кейін мүмкін айтатын шығармын. Бірақ енді қазір айтқым келмейді. Өзі де өзі де ұялып жүр одан.

 

Сахнада бір уақытта 70-ке жуық өнерпаз! Нора симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен тыңдарманына ерекше кеш сыйламақ! Ендеше нағыз кәсіби артистің өнерін тамашалыңыз келсе, 28 қараша күні концертке асығыңыз, тыңдарман!

Нора Нұғман, әнші:

Ең бастысы менің тыңдармандарым, көрермендерім келіп, жүрегінен. Тура мына менің әндерім жүректерінен өтсе деген ойымда. Концерттен кеткісі келмей. Сондай шабытпен шықса, сондай көңіл күймен шықса болды маған.