100 рет сахналанып, 100 мың көрерменнің жанарын жаулаған қойылым енді үлкен экранда! Комедиядан шаршасаңыз, жанры драма. Блогерлер жалықтырса, касты кіл мықтылар, дипломы бар білікті мамандар. Бірақ бірі де де «кел»,- деп үгіттемеді, «қарызға баттық»,- деп жарнама жасамады. Еркебұлан Дайыров, Асан Мажит, Жандос Айбасов, Зарина Кармен бастаған «Шам» театры «№37» спектаклінің экранизациясы! Осылайшы ел тарихында тұңғыш рет қойылым үлкен киноға айналды.
Алдымен өткенге шолу жасайықшы. Осыдан 3 жыл бұрын тәуелсіз «Шам» театры шымылдығын түрді. Көрерменге алғаш ұсынған қойылымы - №37. Әзірбайжан жазушысының Астара бағын 2 жыл зерттеп, жаңа атау беріп, өз халқы сахналамаған спектаклді жарыққа шығарған - Фархат Молдағали еді. Режиссер үлкен кинода орынын әріптесі Жандос Айбасовқа босатты. Толықметрдің тізгіні Айбас-тегіне бұйырғаны бекер емес екен.
Жандос Айбасов, режиссер:
– Енді бұл жерде спектакльге ұқсас деп айтуға болады. Бірақ кино болғанна кейін, бұл жерде кино язык деген бар. Және финалы басқаша. Бірақ сахналары ұқсас. Бірақ шешім басқаша. Режиссерлік шешім басқаша..
Фильмнің желісі бойынша метродағы жарылыстан қаза тапты деп есептелген Расул есімді азамат 15 жылдан соң үйіне оралады. Отбасы бұл жайтқа қуанғанымен «осынша уақыт қайда болды» деген күдіктері барын да жасырмайды. Қойылымда жауапсыз қалған бұл сауалға әр көрерменнің өз жорамалы бар еді. Алайда толықметр нақты себебін түсіндіреді.
Асан Мажит, актер:
– Расулдың Еркебұланның кейіпкері үйіне 15 жылдан кейін ең алғаш келген сахнасы бізге өте қиын болды. Неге? Өйткені, қойылымда ол сахна жоқ еді. Оны Жандос режиссер ретінде мен бұл сахнаны қосуым керек деп қосты. Эмоционалды тұрғыда өте қиын болды. Неге десеніздер? Бір сахнаны бір күн түсірдік 34 кадр түсірілді. Ал сол состояниені сол атмосфераны ұсатп тұру бізге кішкене сәлпәл қиынға соқты.
Еркебұлан Дайыровқа да аталмыш сахна оңайға соқпаса керек. Түсірілім барысында жүрегі ауырып, жедел-жәрдемнің көмегіне жүгінген екен.
Еркебұлан Дайыров, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:
– Бәрі қиынға түсті. Оңай сахна болған жоқ. Енді жүрегім ауырды ма білмеймін. Жағдайым сол жерде күрт нашарлағаны бар енді. Ауа жетпей, көзім қарауытып. Білмеймін сондай болды. Бұрын сонды одан да қиын сахналар физикалық тұрғыдан болған өзінде ондай болмаған еді. Өйтіп қиналмаған едім.
Метродағы жарылысты түсіру үшін 150 актер таңдалған. Барлығы дерлік, оқыған, кәсіби мамандар. Қанша жерден білікті болса да, осынша адамды жұдырықтай жұмылдыру оңайға соқпағаны анық. Сондықтан ұжымға респект.
Еркебұлан Дайыров, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:
– Шынымен жарылыс сахнасы. Шынымен жарылыс сахнасы болды. Номад каскадерлар тобының қатысуымен, Жайдарбек Қонғужинова ағамыздың бастамасымен. Трюктер өте қиын болды. Өте қауіпті.
Қарызға батып, баспанасын сатып фильм таспалайтын продюсерлерді көз көріп жүр. Бюджет пен шығын жайлы білгіміз кеп сауал жолдаған ек, өзіміз қаржыландырдық деп қысқа қайырды.
Асан Мажит, актер:
– Сіздер үшін жалпы ұжым үшін бұл коммерцияны көздеген жоба ма? Әлде шығармашылық жолындағы қадам ба?
– Жоқ. Бұл бір бағытта ойланатын. Өнерге бір қалай айтсам болады. Өнердің дамуына үлес қосқысы келетін мүдделі жандардың шығарған туындысы
Жабық көрсетілімге қазақ киносының әкесі Асанәлі Әшімов пен арманын арқалап келген талай бозбалаларға ұстаздық еткен Есмұхан Обаев келді. Кино және театр корифейлері шәкірттерінің тырнақалды жұмысын жоғары бағалады.
Айтпақшы, жабық көрсетілім күні Еркебұлан Дайыров «Келешек мұрасы» халықаралық сыйлығын иеленді. Бұл награда Ұлттық мұраны насихаттауға елеулі үлес қосқан мәдениет қайраткерлеріне беріледі.