25-қазан күні Шанхай Халықаралық Көрме Орталығында 5-International music X шарасы өз мәресіне жетті. Форумға музыка индустриясына еңбегі сіңген 100-ден астам білікті маман қатысып, «Connection» тақырыбы аясында талқылау өткізді. Әлемнің түкпір-түкпірінен шақырылған жетекші мамандар қатарында продюсер Ерболат Беделхан да бар.
Ерболат Беделхан, продюсер:
– Басты мәселе әлемдік үлкен жүйеге байланысуға мүмкіндік беріп жатыр. Себебі, дистрибуция мәселесі бойынша әннің заңды құқығын қорғау, оны лицензиясын алу, әлеммен байланысқа түсі, бағаны дұрыс қалыптастыру деген сияқты жұмыстар бұрын-соңды Қазақстанда мүлде жүргізілмеген. Бұл тек бастамасы.
Шара барысында заманауи музыка индустриясындағы 4 маңызды аспектіге арналған 38 дәріс оқылды. Тақырыпты тереңнен түсіндірген 32 халықаралық спикерлердің тізіміне биыл ТМД елдерінен келген қонақтар мен делегаттар да қосылды.
Форумның басты жаңалығына тоқталсақ. Шарада Қытай, Ресей және Қазақстан елінің өкілдері «Музыка индустриясын бірігіп дамытуға бағытталған» халықаралық декларацияға қол қойды. Енді аталмыш құжатқа сай мамандар музыка саласының түрлі секторын жаңа деңгейге көтеру үшін иық тірісіп қызмет етпек. Маңызды қағазға қол қойған Ерболат Беделханнан жұмысты неден бастайтыны жайлы сұрадық.
Ерболат Беделхан, продюсер:
– Негізінде менің байқағаным ассоцияциядан бастау керек. Ассоциация деген музыка, музыкалық продюсерлердің орталығы болуы керек. Демек осы сала жұмыс істеп жүрген балалардың басын қосу керек. Бұл неге алып келеді. Ол ертең біздің құқығымызды қорғайды.
Ерболат Беделхан «нәтижеге қол жеткізу үшін жұдырықтай жұмылу қажет»,- дейді.
Ерболат Беделхан, продюсер:
– Қазақстан үшін бұл декларацияның қандай пайдасы бар?
– Кез-келген желелерде youtybe, Instagram, tiktok сияқты қосымшаларға әртістер жәй қарайды. Бірақ, оны арғы жағында барлығының құқығы бар, тіпті ақша табуға болады. Яғни, әнші болсын, композитор болсын, тіпті мемлекет қаржы табуға толық құқылы.
Құжатқа сай, декларацияға қол қойған өкілдер, музыка индустриясын дамытудың қамына кіріспек. Жарық көрген туындыға қатысы бар барлық мамандардың еңбегі еленетіндей оң шешімге қол жеткізеді деген сенімдеміз.