Актриса Индилектің енді басы бос емес!

Сообщить о проблеме с эфиром

2024 жыл. 27 сәуір. Сағат 21:32. Дәл осы уақытта жастардың сыр ақтаратын алаңына айналған «Сезім хаттары» поэтикалық кешінің тұсауы кесілген еді. Содан бері шығармашылывқ ұжымға көрермен тарапынан мыңдаған хаттар жолданып, актерлер оның жүзге жуығын сахнада оқып, тебіренді.

Индира Құлмағамбетова, актриса:

Қазіргі заманда жалпы жастардың қызығушылығы бар екен. Жазғанда да өлтіріп тұрып, сұмдық жазады екен. Кәдімгідей бір бір Мұқағали, Фаризалардан кем емес.

 

Жоба авторлары хаттар оқылатын кеңістікті «Жаным кафесі» деп атаған. Бұл алаңның даяшысы, нақтырақ айтсақ жүргізушісі Қасым Демеу. Ал Әділет Базарбай болса тек кешті әнмен әрлеуші ғана емес көрерменнің көзайымы екен.

Мағжан Тұрыс, актер:

Негізі сезім хаттарына жалпы бізде 100 пайыздың 85-90 пайызы қыздардан хат келеді негізі. Сол қыздардың 75-пайызы осы Әділет деген жігіт үшін келеді ғой.

Яғни краш ғой.

Краш. Біздің тетардың крашы. Әділет Базарбай.

 

Хат жазудан актерлердің өздері де құр алақан емес екен. Олардың бірі Ғалым Амангелдіұлы. Өнер иесі дәл осы форматта сүйіктісіне сезімін білдірген болып шықты.

Ғалым Амангелдіұлы, актер:

Бір хат болған есімде. Болашақ жарыма «аударып берші»,- деп басқа тілде хат жазғанмын. Ол тырысып аударып содан кейін түсінді. Бірніші қазақша жаздым, сосын румын тіліне аудардым, содан кейін оған жібердім.

Сезімінізді басқа тілде жеткіздіңіз ба?

Иә, иә. Батыл жетпегендіктен ғой енді

 

Ал белгілі актерлің ұлы Мағжан Тұрыс бұндай романтикаға жоқ болып шықты. Десе де, сөз байласқан аруы бар секілді.

Жүрегінізді жаулаған ару кім?

Мағжан Тұрыс, актер:

Негізі ондай нәрсені менің ойымша айтпаған дұрыс сияқты.

«Ромео мен Джульетта» болсын, «Қоштасқым келмейді» болсын Индира ханыммен бірге ғашықтарды ойнайсыз. Көп пікірлерге жазып жатады ғой сіздерді қосып, сол қаншалықты рас?

Сіз кішкене былай бүйтіп әкелмейсіз бе? Тікесінен қойдыңыз ғой. Көре жатарсыздар

Нақты айта алмайсыз ба?

Айта алмай тұрмын…

Жоқ деп те айтпайсыз иә көрерменнің сол пікіріне?

Иә

 

Серіміз тойдың ауылы алыс емес екенін меңзегендей болды. Бірақ, Индилек бұл сұрақтан әдемі сытылып шықты.

Индира Құлмағамбетова, актриса:

Енді бір құпияны айтайыншы. Ол маған академия кезінен ғашық. Сол енді білмеймін не деп айтамын. Біз жақсы көреміз бір-бірімізді. Ол менің әріптесім. Біз бәріміз бір-бірімізді жақсы көреміз.

 

Біз ары қарай аруымызды ұялтпауды жөн көрдік. Жақсы жаңалық болса міндетті түрде хабардар боламыз деген үміттеміз.

 

«Сезім хаттары» көкейдегі ой мен жүректегі сезімді параққа түсіргенді ұнататын жандардың сүйікті жобасы. Цифрлық жүйе дамыған заманда адамдар көбіне әлеуметтік желі арқылы ғана тілдесіп жатады. Ал хат жазу үрдісі қалып барады. Десе де, бұл форматты қолдаушы адамдар қатары еш жойылмайтыны анық.