Жахан Отарғалиев жұрт назарынан тасада ұстаған жаңа жанұясы туралы айтты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жахан Отарғалиев, актер:

Өткенде Елдос мыорзаның қуанышына сіз де қуанғып, бөліскеніңізді. Ішкі жан тебірнесініңізді байқадық. Өзіңіз әлі де күтетін шығарсыз, иә?

Мен сізге шынымды айтайын, осы сұрақты қойған сайын, біреу осы тақырыпты қозғаған сайын кәдімгідей дірілдеймін ғой. Мен тіпті қисынсыз нәрселерді армандаймын, мысалы: біршама жылжан кейін келеді ғой, «мынау сенің балаң!»,- деп. Сондайды күтемін ғой кейде.

 

Шаңырақ көтергелі отбасын тасада ұстауды ұйғарған Отарғалиев бүгін қыздары жайлы кеңінен көсілді.

Жахан Отарғалиев, актер:

Кіші қызым мүлде өмірде әкесін көрмеген, білмейді кім екенім. екеуіміз серуендеп келе жатқанда мектепте «әкең қайда?» десе не деп айтасың десем, «көкем бар ғой!» Деймін дейді. Жәйлап бұрылдым да, көз жасыма ерік осы сөзден-ақ белгілі шығар қарым-қатынасым қандай екені.

 

Әкесі мен қызындай араласамыз дегенмен көке деп айтуларын өтінген екен. Мұндай шешімінің себебін былай түсіндірді:

Жахан Отарғалиев, актер:

Өздерінің әкелері бола тұра мен оларды «әке» деп айтқызғаным ол қате секілді… кейін өз әкесі бар, сол себепті бірден айттым: мен сіздерге көкемін, мен сендерді қолғаймын, бірақ көкелеріңізбін, соның бәрін түсіндіріп бердім.

 

15 жылдан бері сәби иісін аңсаған Жахан Отарғалиевтің перзент жайлы әр әңгімесі көрермен жүрегін тебірентпей қоймайды. Бірге мұңаяды, тілектес болады. Ревю ньюс ұжымы да сіз сүйіншілететін күннің туарына сенеді. Перзентхадан ақпар таратайық.

Жахан Отарғалиев, актер:

Туған қызымдай жақсы көремін, туған қызымдай қолдаймын. Кейде аналарымен ұрысып қалса алаңдаймын.. Кәдлімгі үлкен отбасымыз ғой. Бірақ жүректің түбінде «өзімдікі қашан болады?» деген болады ғой…