Жарқынай Ханайымның вокалдық қабілетін білмейтін адам кемде-кем. Таланты кәсіби ортада жоғары бағаланғанымен, репертуарында төлқұжатына айналған жеке әні жоғы жасырын емес. Мұны өнерпаздың өзі де біледі. Әнші биыл осы олқылықтың орынын толтырмаққа ниеттеніп отыр. Мақсат жолындағы алғашқы қадамдар да жасалған.
Жарқынай Ханайым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші:
– Баян Мақсатқызымен екінші рет келісімшартты жаңаладық. Бірінші контракты 2016 жылы қойып едім. Енді екіншісіне қол қойдым.
– Қызық, бойдақ кезіңізде келісімшартқа не жазылатынын білеміз, иә, тұрмысқа шықпау керек деген сияқты. Ал қазір келісімшарт несімен ерекшеленеді. Қандай талаптар бар?
– Баян Мақсатқызы қатты шарттар қойған жоқ. Дегенмен жұмыс істеуге ыңғайлы..
Әдетте жас таланттарға ден қоятын Алагөзова бұл жолы ескі шәкірттерін жасақтауда. Алдымен Элизат Беріковамен келісімшартын жаңартқан продюсер Жарқынай Ханайыммен де шығармашылық контракт жасасқан. Бұл Мақсатқызының қалауы ма, әлде әнші өзі ұсыныс білдіріп, қанатының астына оралғысы келді ме, бізге беймәлім. Бұл жайлы сұрағанымызбен, ұзақ әңгіме деп қысқа қайырды.
Жарқынай Ханайым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші:
– Оқырмандарым мен тыңдармандарымның көбісі дауысымды естуге, ұсыныс айтып жатыр. Мен негізі Бағым Мақсатқызының продюсерлігімен ән жазғанды жақсы көремін, ол кісісіз жаза алмаймын. Ол кісісіз тек актриса ретінде бой көрсеттім, енді әншілігіме бет бұрып жатырмын. Жаңа әндер жазып жатырмыз.
Қайын апайы мен келіні жұмысқа білек-сыбана кіріскен. Жақында «Сендей адам» деп аталатын әнді жарыққа шығарып, арнайы бейнебаян түсіріп те үлгерген.
Жарқынай Ханайым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші:
– Жаңа жанрда жазып жатырмыз. Мен енді өзімнің бағытымды таппаған әнші ретінде әртүрлі бағытта жазып көреміз, халыққа қайсысы ұнайды, сол бағытта жалағстырамыз.