Шақыртуға тамсанған көпшілік концерттің деңгейі жоғары болады деп болжауда. Ал музыкант пен командасы көрерменге қандай шоу әзірлеп жатыр?
Әден Марғұлан, продюсер:
– Бұйыртса Калифарнияның концерті 4 сәуірде. 04.04. Ақтөбелік сондай сан түсті. Ақтөбе 04 ғой білесіз ба? Түсінесіз ғой. Концерттің бағдарламасында көресіздер, түсінесіздер деп айтқым келдеі. Бір Алматы аренада өтетін ерекше шоу концерт жасағымыз келіп тұр. Бұл енді Фархадпен бірінші концерт болғаннан кейін ұйымдастырып жатқан. Мен өз жағымнан барлық күшімді саламын бұйыртса.
Кеш қонақтары Қайрат Нұртас, Тұрар мен Мирас Жүгінісов. Бұл афишада көрсетілген мәлімет. Бірақ тағы бір құпия жұлдыз бар дейді ұйымдастырушылар.
Әден Марғұлан, продюсер:
– Ол жақта жасырын қонақ дейтін. Енді аты айтып тұрған жоқ па жасырын қонақ деп. Айтпай-ақ қояйын.
– Отандасымыз ба әлде шетелдік жұлдыздардың бірі ме?
– Жоқ шетелдік емес өзіміздікі.
Концерттердің жанды дауыста өтетіні заңмен бекітілді. Мөр басылған соң музыкант та талапты орындауға барынша дайындалып жатыр екен. Фархадтың фонограммасыз өнер көрсетіп сынға қалғаны жасырын емес. Сондықтан санада мына бір сауалдың туындауы орынды.
– кеш бірнеше сағатқа созылатыны түсінікті. Жанды дауыста шырқауға қаншалықты дайын? Дайындалып жатыр?
Әден Марғұлан, продюсер:
– Енді ол артист болғаннан кейін оған дайын болу керек деп ойлаймын. Сол үшінде бірнеше уақыт дайындалады. Қазір бишілермен сосын бэнд дегендермен тоже дайындықтар болып жатыр.
Кalifarniya әуенін әдеттегідей бимен әрлемек. Бірақ, бұл жолы сахналық қойылымдар таңғалдырмай қоймайды дейді.
Әден Марғұлан, продюсер:
– Мен өзім Фархадты әншілердің арасындағы жеке солист ретінде емес өте қатты билейтін әнші ретінде мойындаймын. Ол билеген кезде енді кәдімгі жанын береді. Сол үшін бұл концертте мен өте көп би болады деп айтқым келеді.
Репертуары да жаңа әндермен толыққан. Мираспен Америкаға ат арылтып су жаңа бейнебаян түсірген екен. Бұл жайлы келесіде баяндармыз. Ал қазір кешіңізге сәттілік тілейміз деп аяқтайық.