НТК Жазира Еркіннің үйінде қонақта!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жазира Еркін, актриса:

Қош келдіңіздер! Келіңіздер, Төрлетіңіздер үйге. Бүгін наурыз көже дайындаймыз үйдееее...

Жазира Еркін, актриса:

Құрметті көрермен, біз бүгін Жазира Еркіннің үйінде қонақтамыз және сіздердің сүйікті актрисаларыңыз бүгін наурыз көже дайындау әдісімен бөліседі. Солай ғой? Ендеше не қосамыз, қалай дайындалады айтып өтсеңіз.

Дүрия Қыдырбек, тілші:

Наурыз көженің рецептін бәрі біледі. Бірақ, әркім әртүрлі дайындайды. Мысалы, мен Кеген жақтанмын. Бізде үйдегі бар дәнді дақылмен кісіреді. Біз мысалы жүгері қосамыз. Мында жүгері мен бидайды сіздер келгенше пісіріп алдым.

 

Алдымен сүрленген ет пен қазыны пісіріп, картопты турап алыңыз. Қатық пен айранды да дайындап қойыңыз.

Дүрия Қыдырбек, тілші:

Мен мүлде тамақ дайындай алмаймын, ашығын айтайын. Бірақ, микрофонды ұстап көмектесуге дайнмын.

Бастаймыз ба?

Жазира Еркін, актриса:

Иә, бастайық, кеттік. Қазір картоп турайық. Картопты сала берейін. Ол пісе бергенде тарыны, сосын қалған дәнді дақылды саламыз.

Сіз тамақ дайындап жатқанда, мен сұрақ қойып үлегерйін. Наурызды сіздің өңірде, отбасында қалай атап өтеді? Қандай дәстүр бар?

Біз отбасында бес ағайындымыз. Бәріміз жиналағанда бір үйір адам боламыз. Бәріміз арқа-жарқа боп міндетті түрде бала кездегі естеліктерді айтамыз. Кім қалай ұятқа қалған деген сияқты әңгімелерді. Менде мынандай жағдай боған. Анам мені наурызда дүкенге жіберген, қырғыш сатып алу керек деді. Орысшасы қалай деп ем, бірдеңе деді. Соны қайталап келем ұмытып қалмайын деп. Дүкеннің алдына келгенде ұмытып қалғанымды. Бетіне қарап тұрып «киргиш можно?» - деп айтқаным бар.

Соны әлі күнге дейін айтады күліп...

Бір бұрқ еткізіп алғаннан кейін тестосын саламыз, етін саламыз. Онда біз қазыны турайық.

Менің ана бір нанға көзім түсіп қалды. Сосын келген кезде өзім дайындадым деп айтып қалдыңыз.

Бұл менің жасымықтан жасалған нан. Өзі бір-ақ сағатта піседі. Бұл жерге ұн қоспаймын. 2-3күнде бір рет пісіріп тұрамын. Ұнның орынына жасымық қой. Құрметті достар, Дүрия қазір мен дайындаған нан мен қазыға баға береді.

Көрейін ал сосын бағасын беремін. Дәмді. Ұнмен дайындалатын ұннан еш айырмасы жоқ. Оның үұстіне пайдалы дедіңіз ғой.

Иә, құрметті достар, біз эфирді жалғастырамыз. Бізх қазір көжені құйып, одан да ауыз тиейік.

Құрметті қазақ елі, осы наурыз көжені жылымыз табысты болсны. Бейбіт заман болсын деген ниетпен дайындадым. Қазір соның дәмін татайық.

Сіздерді наурыз мейрамымен шын жүрекутен құттықтаймын!