«Патруль»! Иә, бұл фильмдегі полиция қызметкерлерінің ұраны! 2015 жылы алғаш скетчком ретінде бастау алған туынды, бүгінде толықметр ретінде таспаланып көрермен назарына ұсынылды. Кейіпкерлердің ендігі орындайтын тапсырмасы өте жауапты іс болмақ.
Құқық қорғаушылардың қызметі туралы бұл туынды тек еліміздегі көрерменнің ғана емес, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан жұртшылығының да көңілінен шыққаны сөзсіз. Картина прокаттың алғашқы 10 күндігінде-ақ 1 миллиард теңгеден астам касса жинап, рекорд орнатқан еді. Тіпті, алыс-жақын шетелдегі мамандар жоғары бағалап, 2021 жылы польшалық киногерлер франшизасын сатып алды.
– Алғашқы түсірілім күні сол сәт есіңізде ме?
Еділ Анарбай, актер:
– Әрине бірінші менің түсірілм күнім әлі есімде біріншіден күн суық болды. Бірақ, суыққа қарамай көңіл-күйіміз өте көтеріңкі болды. Сонысымен есімде қалды.
Рүстем Омаров, идея авторы, режиссер:
– Сол кезде бізде костюмер, көлік деген болмады, біз оны бәріміз далада шешініп суықта, сол қиын болды енді.
Лентадағы экшн сахналарын көргенде, олар монтаждың көмегімен жасалғандай әсер қалдыруы мүмкін. Алайда, қауіпті көріністер каскадерлардың жоғары біліктілігі мен шығармашылық топтың кәсіби шеберлігінің нәтижесінде жүзеге асқан.
Роберт Кун, экшн сахналардың қоюшы-режиссері:
– Барлық экшн сахналары, көліктің жарылуы бәрін қолдан жасадық. Машина да шынайы, ол жарылғанда оның ішінде жүргізуші болды. Құдайға шүкір аман қалды. Жалпы, біз ешқандай компьютерлік графиканы қолданған жоқпыз.
Туындының актерлік құрамы осы жолы да жұлдыздарға толы. Атап айтқанда, Асан Мәжит, Әбунасыр және Әбілмансұр Серіковтер, Қайрат Әділгерей, «ЧБД» резиденті, комик -Тамби Масаев, сондай-ақ Камызяктан шыққан Ренат Мухамбаев бар.
– Осы толықметрмен патруль жобасы аяқтала ма, әлде жалғасын таба ма?
Рүстем Омаров идея авторы, режиссер:
– Оны білмеймін, айта алмаймын, көреміз енді, халықтың қалауына байланысты.
Айдар Кәрімбаев, актер:
– Нүкте қойған жоқпыз біздер. Негізі Рүстем бізге айтпай жатыр. Мүмкін тек қана толықметр түсіретін шығармыз басқа қалада, Семейде ғана емес.
Наурыз мерекесіне орай, НТК телеарнасы көрерменге түрлі туындылар ұсынады. 21- наурыз күні сағат 12:10 да балаларға арналған «МИНЬОНЫ: ГРЮВИТАЦИЯ» анимациялық фильмі көрсетіледі. 22-наурыз «Агент Джонни Инглиш» комедиясы мен әйгілі «КАРАТЭ-ПАЦАН:ЛЕГЕНДЫ» спорттық драмасын жіберіп алмаңыз. Ал 23-Наурыз күні «Патруль.Последний приказ» толықметріндегі сүйікті кейіпкерлеріңізбен қайта қауыша аласыздар!