DARICORN күйзелісте жүр! Блогердің депрессияға түсуіне не себеп?

Сообщить о проблеме с эфиром

«По пути» өтетін DARICORN-ның әндері үнемі халықтың қызу талқысына түседі. Оның әр туындысын жақсы бағалайтындардан гөрі, сынайтындардың қарасы көп. Алайда, хейтке еті үйренген блогер теріс пікірлерге бола, мансабын тоқтатпақ емес. Күні кеше, «Ренжіме» атты тағы бір бейнебаянын жарыққа шығарды.

DARICORN, блогер, әнші:

Көңіл-күйді көтеретін ырғақты ән. Жанры - поп. Ішінде рэп партиясы бар, аса күшті емес. Мотив қосылған.

Біреуге ренжіп қалған кезде шығардыңыз ғой демек?.

Иә, Дарханмен ұрысып қалған кезде шығардым. Негізі бұл ән менің өмірімнен алынған ән ғой. Мен айтамын: айтып еді мама, бұған жолама! - деп деген сөздері бар. Бұрын айтқан үйдегілер керек емес, ерте саған деген сияқты. Сосын маманы тыңдау керек пе еді деп өкпемді айтқан әнім ғой…

Өнерпаз муд-видео үшін арнайы қойылым дайындатқан. Қызығы, бұл жолы кәсіби бишілерге ақша жұмсауды емес, жақын достарына қолқа салуды жөн санаған-ды. Анеля Кенжебекова, Алау Қайратқызы сынды құрбылары, Дариғаның сөзін жерге тастамай, қолдау көрсетіпті. Еңбек еленсе керек, жаңа релиз «You tube» платформасынада, бір күнде 100 мың қаралым жинаған.

DARICORN, блогер, әнші:

Бұл жерде түсірілім мен техникадан гөрі, дайындыққа көп қаражат кетті. Залды жалға да көп уақытқа алдық. Шамамен 2-3 миллиондай шықты. Негізі бір кадрмен түсірген қиын екен. 3 мин болса да, біраақ оны алу үшін мың рет түсірген шығармыз.

Өзіңіздің ән бағытыңызды таптыңыз ба? Әлде әлі де эксперимент үстіндесіз бе?

Иә, негізі әлі де іздеп жүрмін. Халыққа не жақынырақ болады, сол әндерді шығарамын деп ойлаймын.

Алғаш көпке укулелемен танылған желі жұлдызы, мақсатым - көптің бірі болу емес. Жанкүйерлерім блогер демей, өнер адамы деп таныса екен, - дейді. Әр концертте шоу жасап, көрерменді таңғалдыруға тырысуының себебі осы болса керек.

DARICORN, блогер, әнші:

Имидж өзгертіпсіз, шашыңызды қиыпсыз?

Иә бір кездері Дарханмен ұрсып қалғанмын, содан кейін шашымды қиып тастағанмын. Бірақ, достастық қайтадан.

Бір біріңізден желіден алып тастапсыздар? Күдік туып жатыр оқырмандардың арасында?

Негіізі Дархан жасаған жоқ. Мен оны бұғаттап тастадым.

Не үшін ұрысып қалдыңыздар, біле аламыз ба?

Енді отбасы болғаннан кейін, әр түрлі нәрселерге ұрыса бересің ғой. Қазір көбірек мен жұмысқа кіріп кеткеннен кейін, үйге көңіл бөлмей кеттім.

Соған Дархан кішкене ренжіген болатын. Қазір бәрін орын-орнына қойып қойдық.


 

Бар мәселе оң шешімін тапқаны қуантады. Дариға ханым, енді фолловерлеріңіз алдағы уақытта сізден жаңа хиттер күтеді.