Жақында бостандыққа шыққан Мейіржан Төребаев жабық көрсетілімде бой көрсетті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Аян Өтепберген сомдайтын кейіпкер туған әкесінің көлеңкесі болудан жалыққан. Асқар тауымен арадағы кикілжіңдердің де себебі осы. Бір сәтте ол тірегінен айырылып қана қоймай, қоғамдағы ықпалын да жоғалтады. Ал аталап қалғанда қолдау болуы тиіс ағайынның бар уайымы - інілерінің көзін құртып, ағалары жиған байлыққа қол жеткізу. Бұл үлкен экранға жол тартқан «Туысқан» филмінің желісі.

Санжар есімді бас кейіпкерді Аян Өтепберген сомдайды. Ал оның бай-қуатты кәсіпкер әкесінің рөлі ҚР еңбек сіңірген әртісі Айдос Бектемір мырзаның еншісінде.

Айдос Бектемір, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:

Енді, әр фильм өзі ерекше болады. Ал, енді бірақ туысқандардың жөні бөлек. Бұл жерде біздің қазіргі қоғамдағы үлкен проблеманы қозғайды. Бұл фильмнің айтары көп. Туысқандар дегенің атының өзі де тұр. Біз өзіміз жалпы ешкімді жатсынбайтын халықпыз ғой. Бәрі бізге туысқан. Кімнің кім екені, жеме-жемге келгенде, кімнің кім екені көріне бастайды.

Бар қаржыдан қағылып, ағайыны теріс айналған Санжардың бар сенері - мемлекет тарапынан ұсынылатын тегін адвокат. Көрерменді күлкіге бөлейтін бұл кейіпкерді әзілкеш Елжан Халиуллин сомдайды.. КВН арқылы қалың көпшілікке танылған сері тек актер ғана емес, әрі фильмнің продюсері.

Елжан Халиуллин, кинопродюсер, әзілкеш:

фильмнің бюджетін біле аламыз ба?
Фильмнің бюджетін кассадан көріп тұрған шығарсыздар, постердан, сондай болды иә көбінесе. Кәсіби актерларды жалдадық, жақсы шықты.

Фильмнің бюджеті 200 млн шамасында деп қысқа қайырды. Демеуші іздеп сабылмаған. Оралдағы беделді ағалары шығармашылық шығынды өздері өтеген екен. Ең қызығы,

Елжан Халиуллин, кинопродюсер, әзілкеш:

Ол алған қаржыны қайтару керек?
– Жоқ, ағаларымыз бізге қатты уайымдамаңдар, - деді. Бірақ, бізге ең бастысы фильм жетер жеріңе жетсе, бұл фильмнің идеясына қатты қызықты да, ағаларымыз қолдап жіберді. Қайтарасыңдар деген әңгіме болған жоқ, ағаларымызға үлкен рақмет.

Кастқа таңдалғандар қатарында - Дана Есеева да бар. Актриса ағайынның арасында алауыздық отын тұтататын келіншектің рөліндемін дейді. Есеева ханым жабық көрсетелемге бұл жолы жалғыз келмеді. Жолдасы Мейіржан Төребаевпен бой көрсетті.

Дана Есеева, актриса, блогер:

Жеке өміріңізге қатысты жолдау жолдай аламыз ба? Мейіржан ағаның үйге келуі, қалай болып жатыр? Үй ішіндегі көңіл-күй, балалар қуанышты шығар, өзіңізде. Күресіңіз сәтті аяқталғанына, қуаныштымыз атап өтейін.
– Рақмет көп. Иә, бәрі жақсы рақмет.

Ол кісі ұсыныстарды қабылдап жатыр ма қазір толықметрлерге?
– Енді қазір отбасымен бола тұрсын, балалармен бола тұрсын. Енді адамбыз ғой, бәріміз. Бір үзіліс берейік, әрі қарай жақында не болатынын көресіздер.


 

Қалай болса да, сәттілік тілейміз. Кім білсін, келесіде күйеуіңіз таспалаған филмьде бой көрсетерсіз, Талай танымал франшизаның авторы аз уақыттан соң көрерменді қуантатыны анық. Ал қазір Туысқан фильмін үлкен экраннан өткізіп алмаңыз. Ағайынның арасындағы алауыздық қалай аяқталмақ? Санжар әке қадірін жіті түсініп, қателіктерін түзей ала ма? Жауабы үлкен экранда.