Биыл «Қайрат» ФК ойыншыларының танымалдылығы артты десек артық айтқанымыз емес. Қазір есі кете еліктейтіндер де, әр голына қуанып қол соғатындарға көбейген. Әдетте Барселона мен Реал-ға жанкүйер болатын жеткіншектер қазір қара-сары жейдені алуға құмар. Мұны кәсіпкерлер жіті түсінді. Сондықтан аяқдопшыларды брендінің бейнесі болуға жиі шақырады.
Еркін Тапалов, «Қайрат» ФК ойыншысы
- Жалпы танымалдылық артқаннан кейін фильмдерге түсуге ұсыныстар бола ма? Немесе жарнамалық роликтер, бартер деген сияқты. Көбейіп жатыр ма? Қалай саралайсыз?
- Әрине қазір реклама жағынан өте көп ұсыныстар келіп жатыр. Бірақ біздің. «Қайрат» команда келісім шарт бар. Көп ондай, қабылдай алмаймыз.
Жабық көрсетілімдердің бірінде бой көрсеткен Тапалов ұсыныс бойынша хабарласатындар көп дейді. Демек аяқдопшыны мазаламай, алдымен маркетинг бөліміндегі мамандардың номірін теру қажет. Айтпақшы, сөз арасында толықметрге түсуге дәмелі екенін айтып қалды.
Еркін Тапалов, «Қайрат» ФК ойыншысы
- Фильмге түсу ол бұл да бір арман.
- Демек, болашақта сіз режиссер, продюсерлерден ұсыныс түссе қабылдайсыз ба?
- Иә, әрине. Маған да сол қызық.
қандай рөл сомдағыныз келеді?
- Енді басты емес, бірақ екінші ролда болады.
- Бір спорт жағынан. Бір рөл болса жақсы болар еді.
- Режиссерлердің құлағына алтын сырға дейміз рақмет көп көп.
Алдағы бәсеке қатысты да сауал жолдадық.
Еркін Тапалов, «Қайрат» ФК ойыншысы
- Ойындарға дайындық қалай? Сол жайлы айтып өтсеніз.
- Қазір біздің чемпионат уже басталды. Біздің 4 өтті уже. Қазір 1-ші орындамыз. Жазда Алла жазса «Лига Чемпионов»-ты күтеміз. Соған да дайындалып жатырмыз жайлап. Бәрі жақсы, балдардың көңіл күйі жақсы. Біздің ең басты мақсатымыз - бұл чемпионатты жену. «Лига Чемпионов»-та жақсы өнер көрсету.
«Қайрат» өткен аптада ғана Астана футбол клубын 4:0 есебімен ойсырата жеңген еді. Бірінші таймда-ақ кездесудің тағдырын шешкен жігіттер алдағы ойында да алдыңғы қатарды бермеспіз дейді.
Еркін Тапалов, «Қайрат» ФК ойыншысы
- Енді қазір бірінші орындасыздар. Десе де күтпеген жерден есеп өзгеруі мүмкін дегендей ғой. Қай команданы көбірек қарсылас көресіздер?
- Ең ондай команда қазір. Ана жолы Астана болған. Осы жолда пока белгісіз. Чемпионат тек ғана басталды. Әзірге әлі кондиция жинала алмады командалар. Көреміз алдағы уақытта. Қалай болады.