«Джохан», «Жол» туындыларының авторы, кинопродюсер Жахан Отарғалиев жаңа картина таспаламақ! «Бірақ бұл толықметр қатардағы комедия емес, шынайы оқиға негізделген лента болады», - дейді киногер.
Жахан Отарғалиев, кинопродюсер, актер
- Айтары бар жоба, менің 17 жылдан бері, жүрегімді қинап, езіп келе жатқан жағдайды бір бөліскім келген жоба. Өмірде болмай жатқан балам, кинода балам болып, қызымды ойнап, қызыммен бірге кинода өзімнің бір кішігірім мұңымды бөлісіп келетін керемет жоба жасайын деп жатырмыз.
- Сіз де актер ретінде бой көрсетесіз бе?
- Мен басты рөлді сомдаймын. Себебі, бұл менің оқиғам. Сол себептен мен қай актерге берсем де, ол ойнап шығуы мүмкін. Бірақ менің жүрегім ауырған нәрселерді олардың жүрегі ауырмаған болуы мүмкін да.
Жахан Отарғалиев, кинопродюсер, актер
- Бір керемет рөл бар, қыз бала ойнайтын. Өте жақсы андай пафосный битіп қалған қаланың қызы емес, таза бір қарапайым, керемет рөлді ойнайтын, бізде рөл бар жалпы. Ол қарындасымыздың гештальтын жабуға мүмкіндік бар.
Иә, кинопродюсер актерлық кастқа өнерпаздарды жинақтауды бастап кеткен.
Жахан Отарғалиев, кинопродюсер, актер
- Ол кісінің сырттан бақылап жүремін үнемі видеолары шығады, өте бір жақсы ұнайтын қасиеттердің бірі, еңбекққор қарындасымыз да. Сол үшін де сол себептен қарындасымызға бір демеу көрсетіп жіберсек. Так что, Бота қарындасым, бізден сізге хабарласып жатсақ, келіңіз кастинг-ке.
Желі жұлдызы Бота Мианың көптен бергі арманы орындалуына НТК арнасының ықпалы болғаны қуантады әрине. Енді шешім қабылдау сылқымның еркінде. Кім білсін, бәлкім арудың кино әлеміне деген қадамы дәл Жаханның жобасымен бастау алар...
- Демек, «OZMZ ғой» бағдарламасы адамдардың арманын орындайды, өте керемет. Сол кино жайлы айтайықшы, сценарий қанша уақытта жазылды, кім жазды, драма жанрында, иә?
- Драма жанры, бірақ енді мен өзім болғандықтан, мен комидант болғандықтан, әзілдің ортасында жүргендіктен, қызы мен әкесінің ортасында жүрген керемет добрый сондай әзілдер болады міндетті түрде, бірақ жылайтында жері болады. Жүректі қозғайтын жері де болады.
Жахан Отарғалиевтың айтуынша жаңа туындының сценарийі дайын. Түсірілімі болса, маусым айының соңында бастау алады. Ал режиссері «Құшақташы, мама» толықметрін таспалаған Нұрғиса Әлмұрат. Бірақ, локация жағы әлі де нақтыланбаған-ды. Оған себеп:
Жахан Отарғалиев, кинопродюсер, актер
- Оқиға бойынша, негізі Оралда болуы керек еді, бірақ Орал енді сәл алыстау болып тұр. Себебі, мен өзім Орал-дікімін ғой, туған жерім. Сол себептен, кішкене бір қаражат жағынан, сол жер қысып жіберді.