15-сәуір – Ұлттық ғашықтар күні! Азамат Сатыбалды неліктен махаббат мерекесін құп көрмейді?

Сообщить о проблеме с эфиром

15 сәуір – Қозы Көрпеш – Баян сұлу күні! Уақыт өте келе төл мерекемізді тойлайтын жандардың саны артуда. Бұл мейрам қос ғашықтың шынайы сезімі жайлы ғана емес, ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізге негізделгенін де айта кеткеніміз жөн болар.

Театр сахнасында ғана емес, экрандағы нәзік образдарымен көрерменнің көңілінен шығып жүрген актриса Бақытгүл Серікбаеваның өз серісі бар сыңайлы. Тіпті Баконай айтулы мерекеде сүйіктісінен романтика күтетінін тілге тиек етті.

Бақытгүл Серікбаева, актриса

Ғашықтар күні ол менің ең сүйікті мерекелерімнің бірі. Мен өзім жалпы сыйлықты мысалы мерекеге болсын не болмаса туған күнге өзім айтқанды ұнатпаймын, тосын сыйды ұнатамын. Маған маңызды емес, ол менің көңілімнен шыға ма, шықпай ма. Ең бастысы ол кісінің уақыты кетті іздеуге деген сияқты. Сол маған сол бағалырақ.

Талай қыздың крашына айналған Рауан Ахмедов жеке өмірін барынша құпия ұстауға тырысады. Ал сұранысқа ие жас актер үшін ғашықтар мерекесінің де өзіндік маңызы бар болып шықты. Десе де, біз «кино жұлдыздың жүрегін жаулаған ару бар ма, жоқ па?», - деген сауалмен қыспаққа алуға тырыспадық.

Рауан Ахмедов, актер

- Оны енді сыр болып қалсын. Бірақ 14-ін тойлаған жоқпын, 15-ін тойлайын деп отырмын. Сіздер анау звуктан андай «Рауанның қызы бар екен» дегенді қояйын деп тұрсыздар ғой дә?! Мен біліп тұрмын ғой сіздерді. Ойнап айтамын. Сол 15-сәуірді тойлау керек деп ойлаймын.

Әнші әрі театр актері Ерден Жақсыбек үшін бүл күн тіптен ерекше. «Қос мереке қатар келген уақытты сөзсіз бағалаймын», - дейді, музыкант.

Ерден Жақсыбек, әнші, актер

Бір күннен кейін менің ұлым тұңғышымның туған күні. Сондықтан ол оның бәрін ұштастырып бірге тойлаймын. Жылда солай. Тұңғыш енді бәрібір бөлек болады ғой. Сондықтан қатар келгеннен кейін ол мерекені ұмытып кетуге хақым жоқ десең.

Бір қызығы, Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күнін тойламайтын өнер иелері де баршылық екен. Мәселен:

Азамат Сатыбалды, актер

Мен ойлаймын біз енді ондай бір датаға мән беретін возрасттан өтіп кеткен сияқтымыз. Махабабатты, жарыңа деген құрметті, сезімді бір жылына екі ақ рет көрсету деген мен үшін ол өтіп кеткен период. Біздің отбасымызда әрбір күн ғашықтар күні.

Дархан Сүлейменов, актер

- Мен үшін ғашықтар күні деген нәрсе арнайы бір күн емес деп ойлаймын өз басым. Өйткені күнделікті сен ғашығыңа өзіңнің сүйіктіңе күнделікті өз сезіміңді білдіріп тұрсаң, әр күн ғашықтар күні деп ойлаймын.

Иә, шын сүйгеніңмен өткізген әр күнің мерекеге тең келері сөзсіз. Дегенмен қазақтың ұлттық мейрамын атап өту де артық болмас. Ендеше, ғашығыңызды айтулы күнмен құттықтап, қуантуға асығыңыз, көрермен!