Аренада өнер көрсеткен Бота Миа еңбекақысын неге ала алмады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қайрат Нұртас, Садраддин, Айдана Меденова. Махаббат FEST көпшіліктің фаворит әншілерін бір аренаға тоғыстырды. Алаңға жиналған 10 мыңнан астам халық, бұл кеште танымалдардың хит тректерін олармен бірге шырқады.

 

Иә, сахна жұлдызы оралды! Жуырда камбэк жасаған Айдана Меденова үзілістен кейінгі алғашқы үлкен сахнасына шығып, тыңдарманын қуантты. Экс-кешьюлік сылқым аренаны жатырқап та қалған сыңайлы, сахнаға шығар алдын қобалжығанын жасырмады.

 

Айдана Меденова, әнші:

Өте керемет. Өте жылы көрермен. Жалпы кішкене қобалжыдым оның алдында. Бірақ бәрі жақсы өтті.

 

Фестте Айдана Меденованың ізін жалғаған ару, БМ продакшнның жаңа жылдызы - Аружан Бекболат та өнер көрсетті. Бүгінде жас әншінің графигі өте тығыз. Елімізде өтіп жатқан әр фестиваль мен концерттің лайн-апында Хулан-Ару.

Hulan-Aru, әнші:

Шүкір, шақырады иә. Жоқ шаршамаймын. Ол менің жұмысым ғой енді. жұмысымды сүйемін. Ләззат аламын концерттерден.

 

Кеште кәсіби артистермен қатар желі жұлдыздары да өнер көрсетті. Олардың бірі блогер - Бота Миа. Еске салайық, танымал сылқым бұған дейін Бішкекте алғаш рет өзін әнші ретінде таныстырған еді. Ал бұл концертте еліміздегі дебютін жасады. Арудың сахнаға деген махаббаты ма кім білсін, ол тіпті еңбекақысыз да ән айтуға келісім берген-ді.

Bota Mia, блогер:

Бүгінгі өнеріме маған ешқандай бір гонорар берілген жоқ. Өйткені дебют. Дебютке кім гонорар береді? Сол үшін мен қазір тек қана өз өзіме жұмыс жасап жатырмын. 3 жылда тапқан еңбегімнің барлығы контентке кетіп жатыр.

 

Бұл FEST хейтерлердің аузынан түспейтін Sabina SSS үшін де үлкен сахнаға алғашқы баспалдақтың бірі болды. Шамасы желі жұлдызы бұндай масштабты күтпеген сыңайлы.

Sabina SSS, блогер, әнші:

Міне, осы жаңа ғана сахнаға шығып келе жатырмын. Әлі дірілдеп тұрмын. Шыны керек, жанды дауыста айттым. Қатты қобалжыдым.

Қиын болған жоқ па?

Шамалы фононраммамен айтсаң билеуге мүмкіндіу болады да, ал жанды дауыста, қатты билемеуге тырысасың. Өйткені, ентігіп тұрасың.

Сахна сұлулары концертке киетін образы үшін қатты шығындалмағанымен, бірқатары креативті лук таңдауға тырысқан-ды.

Bota Mia, блогер:

Қанатым күндізгі дайындықта бұдан да үлкен еді. Одан өзім қанатпен бірге құлап ұятқа қалмайын деп, бірден бәрін ауыстырып, осылай дайындала салдық.

Құпия болмаса, құнын айтасыз ба осы образыңыздың?

Мына көйлек 150 мың теңге. Қанат 80 мың теңге.

Sabina SSS, блогер, әнші:

Білмеймін, маған қайта-қайта ұрыса береді ғой. Ашық киенесің деп. Стилист киіндірді, шын айтамын.

Құпия болмаса, образыңыздың құны қанша?

  • Бар болғаны 150 мың теңге.

Айдана Меденова, әнші:

Сахна болғаннан кейін ерекше образдар жасағың келеді. Дизайнер мен арнайы осы модельді жасадық. Мына жерде тастарды көрсеңіздер, бұның барлығы қолөнер.

 

Кеш аяқталған соң да бұл фест көптің талқысында болды. Желідегі оқырман блогерлердің сахнада өнер көрсеткеніне үйренісе алмай, өзара біраз дауласып та үлгерді. Өнерге әркімнің-ақ бар таласы, десе де әркім өз мамандығының нағыз шебері болғанға не жетсін..?

 

Автор: Ш. Құсаинова