EFW! 11-маусымның бренд амбассадоры атанған Тамирис Жангазинова неге подиумға шықпады?

Сообщить о проблеме с эфиром

EFW 11-маусымының шымылдығын түрді. Сән апталығының алғашқы күнін Minavar бренді ашты. Подиумда Djadi, Vegan Tiger, Husl sport, Delicia, Sun Sergio сынды танымал брендтер өз топтамаларын ұсынды.

Ирина Байжанова, EFW бас продюсері:

Мұра. Тақырыпты осылай атадық. Бұл арқылы, дизайнерлдер образы арқылы өткен шақ пен болашақтың байланыстырмақпыз.Біз тақырыпты тереңнен тарқатқымыз келеді. Себебі, біздің келер ұрпаққа ұлттық құндылықтарымыз бен жәдігерлеріміз қалса екен дейміз. Мұның бәрін осы маусымда ашып көрсетеміз.

 

Сән апталығының хэдлайнері - кореялық сәнгер Yang Yoona. Дизайнер бұл индустрияда экологиялық тапқырлығымен бағаланды. Жануардың терісі мен жүнін алмастыратын мата әзірлеген ол EFW-ға арнайы топтама әзірлеген екен.

Yang Yoona, дизайнер: (Оңтүстік Корея)

Vegan fashion – бұл тек киім емес, менің ұстанымым десем де болады. Біз арнайы қағаздан мата ддайындап, кейін одан киім тігеміз. Есесіне жан-жануарларға зиянымыз жоқ. Бірақ бұл қағаздан бастау алған коллекциялар да тері бұйымдарына есе жібермейді.

 

ӘР дизайнердің өз қолтанбасы бар. Бірінде таптаурындарды бұзған авангардтық байқалса, екіншісі киімін нәзіктікпен үйлестірген, үшіншілерінің образынан үнсіз салтанат байқалады.

Лейля Стяжкина, дизайнер:

Бүгін 4-коллекциямды ұсынамын. Бұл сәнбикелер сол топтаманы таныстырады. Джинс матаны шығыс оюларымен көмкердім.

 

Көрсетілімнің алғашқы күні сән апталығының бренд-амбассадорлары да бой көрсетті. 11-маусымның бет бейнесі атанғандардың бірі Тамирис Жангазинова. Актриса алғашқы көрсетілім күніне тыңғылықты дайындалған.

Байқауымызша, сіз образды тақырыппен барынша байланыстыруға тырысқан сияқтысыз. Толықтырып айтып беріңізші

Тамирис Жангазинова, актриса:

Бүгінгі тақырып бохо стай болды. Мұра наследие деген тақырып болғаннан кейін номад деген жазулар жазып, көптеген білезіктер қолданып, алтын қосып осындай образ жасадық.

 

Тамирис басқа әріптестері сияқты подиумға шыққан жоқ, қонақтар қатарына жайғасты. Мұның себебін актриса гала кеште түсіндірген еді.

Тамирис Жангазинова, актриса:

Әр адамның өз жұмысы бар деген сияқты. Мен ол нарсеге жаратылмағанмын. Ол бөлек әлем, оған кіру үшін дайындық керек.

Бренд амбассадор атанған Аида Құрманғалиева да образына жіті көңіл бөлген. «Тақырып ұлттық мұраға арналғандықтан, киімімді де тематикаға сай ету үшін арнайы мамандарға жүгіндім»,- дейді актриса.

Аида Құрманғалиева, актриса:

Бұл сән үлгіні таңдаған себебім, бұл жерде әйел адамның нәзіктігімен қатар, қайсарлығы да көрінеді. Соллүшін таңдаған ем.

 

Сән апталығы мұнымен аяқталмайды. Екінші күні де сіздердің назарларыңызға таңғажайып коллекцияларды ұсынбақ.

 

Автор: Д. Қыдырбек