10 жыл бұрын «Алау» тобында өнер көрсеткен Эрик Ахим камбэк жасамақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

2015 жылы продюсер Баян Алагөзова таныстырған «Алау» тобын таныстырған еді. Жігіттер «Welcome to Kazakhstan» және «Гүл әпше» әндерімен аз уақыттың ішінде халықтың сүйіктісіне айналып үлгерді. Алайда шоу-бизнеске жаңа леп әкелген бойзбендтің ғұмыры ұзаққа созылмай, 2019 жылы тарады. Сол жылдан бері топ мүшелері сахнадан мүлдем көрінбеді. Жақында осы ұжымда өнер көрсеткен Эрик Ахим араға 10 жыл салып, енді үлкен сахнаға қайта оралатынын айтып, қуанышты жаңалығымен бөлісті.

Эрик Ахим, музыкант, композитор:

Біраз жылдар бойы Алау тобы тарқағалы бері біраз жылдар бойы енді осы 2026 жылдан бастап, өзімнің жеке шығармашылығымды қолға аламын деген өзіме мақсат болды, арман болды. Негізінде осы жылы жеке шығармашылығымды қолға аламын деп шештім

Эрик Ахим Кеш Ю-дің «Эшкере» және «Сулалала» хиттерінің авторы. Айта кетейік, музыкант күні кеше Оңт. Кореяда түсірілген бейнебаянын көрермен назарына ұсынды.

Эрик Ахим, музыкант, композитор:

Клиптың идеясы бір астарлы тұнып тұрған идея жоқ негізі. Сол махаббат туралы екі жастың жаңағыдай былай қарап тұрсаң Кореяда жүрген лав стори ғой. Негізі клипке түскен жігіт осы Оңтүстік Кореяның азаматы. Қыз біздің Қазақстандық Айнұр деген қыз.

Бейнебаян K-pop жұлдыздарының жанкүйерлері жиі жиналатын атақты локацияларында түсірілген.

Эрик Ахим, музыкант, композитор:

Танымал локацияларда ең бірінші клип сонымен басталады. Ол Втс стейшн. Бтс остановка. Бүкіл елден Бтс фанаттары келіп сол жерде суретке түседі, сол жерде видеолар түсіреді. Одан кейін Сеулдың қақ ортасында түсірдік. Саябақта центральный саябақ.

Шетелде бейнебаян түсірудің визуалды артықшылықтары көп болғанымен, шығыны да шаш етектен екенін ескерген жөн. Сері жігіттің сөзіне сенсек су жаңа клип қалтасын айтарлықтай қаққан көрінеді.

Эрик Ахим, музыкант, композитор:

Қиыншылық жағынан келсек қаржылай қиыншылық өте қымбат барлық жерде. Одан кейін рұқсат бұл жерде бір жерде түсіру үшін рұқсат керек. Біз негізі Бтс остановкасын түсіру үшін 1 апта күттік.

5 жылдан бері Оңтүстік Кореяда тұратын Эрик мырзадан елге оралу жоспары туралы да сұрадық:

Эрик Ахим, әнші, композитор:

Қазақстанға оралу үшін қазір жеке шығармашылығыммен айналысып жатырмын. Әндер шығарып жатырмыз, бейнебаяндар шығарып жатырмыз. Енді Құдай қаласа, қазақстанға концерттерге шақырып жатса, сол жерде қалып, өнерімді ары қарай жалғастырамын ба деген ой жоспарлар бар.


 

Автор: А. Сауытбек