Graduаtе -2026! Алау Қайратқызы мен Дастан Сәтбаев биылғы жылдың жас түлектері.

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде жас түлектердің мектеппен қоштасуы бөлек әңгіме. Жасыратыны жоқ «Соңғы қоңырауға емес, тойға келген бе?» дейтін күйге жеттік. Кешегі миллениалдар мақтау қағазын мақтан ететін еді. Ал қазіргі зуммерлер бағасы шарықтаған гүлдер мен қымбат бренд сыйлықтарды жетістік санайды.

 

Биылғы мектеп бітірушілердің сапында шоу-биз өкілдерінің балалары да бар. Атап айтқанда, КН-ның қызы Алау, аяқдопшы Дастан Сәтбаев және Тұрсынбек пен Мөлдір Мұқанның перзенті Айым. Бір қызығы, непобейбилер бұл күні хейттен сескенді ме, әлде өз таңдаулары ма, барынша қарапайым образда бой көрсетті.

 

Ерке қызын қолдауға анасы Жұлдыздан қалмай, Қайрат Нұртас та келген. Тіпті, Қайраттың Алауға арнап ән салған сәті әлеуметтік желіде қызу талқыланып үлгерді. Бірі «Фонограммамен айтып мәзсің бе?» десе, енді бірі «Келгеніне рахмет, концерт жасадың» - деп, пікір қалдыруда.

 

Арманы асқақ Алау болашақта қандай мамандық таңдайтынын арнамыздың тілшілеріне айтқан еді...

Мамандық таңдау мәселесіне қатысты біле аламыз ба? Қай бағытта қызмет етуді таңдап жатырсың? Қай бағытта өзіңді дамытудасың?

Алау Қайратқызы, блогер:

Мен өзім артист болғым келеді. Бірақ, анам дизайнерге бар дейді, мен білмеймін әлі кім болғым келетінімді, көреміз...

Әкең қандай да бір ұсыныстар айтып жатыр ма?

Әкем артист бол дейді.

 

Айта кетейік, соңғы кездері отандық фильмдер мен үлкен сахналардан Алауды жиі байқаймыз. Соған қарағанда, анасы Жұлдыз да қызының шығармашылық таңдауын толықтай құптаған сыңайлы.

 

Ал Дастанның болашағы тіптен бөлек. Белгілі аяқдопшы жуырда әлемдік «Челси» футбол клубының академиясына аттанады. Ендеше, ақ жол жас түлектер!

 

Автор: А.Сауытбек