Жасанды интеллектпен жасалған тректер трендте!

Сообщить о проблеме с эфиром

 

ЖИ-мен жасалған трендтер тректе! Сөзіме сенбесеңіз, хостингтердегі қаралымға зер салыңыз. Бастапқыда ақылды жүйеге тек әуесқойлар жүгінетін еді. Қазір саналы алгоритмге музыканттар да тәуелді.

Нұржан Керменбаев, әнші:

ИИ деген студияда жұмысымыздың бөлшегі боп қалды ғолй. Жұмысты жеңілдетті. 3 апталық жұмыстарды 5 минутта жасап беретін жағңдайға жетті ғой..

 

Кеш You-дың қоржынына енген «Суалала», «Ұят емес» сынды талай хиттің авторы Эрик Ахим де ЖИ-ге жүгінетінін жасырмайды.

Эрик Ахим, музыкант:

Мен өзім де қолданамын. Қолданғанда қалай, әнімді кіргізіп, аранжировканы қай стилде шығаруға болатынын әртүрлі стильде қарап, ол жерджен қарайцмын да, жасанды интелект құрал ретінде.

 

Нұржан Керменбаевтың репертуарына енген «Махаббатым» әні де ақылды жүйенің көмегімен әрленген. Әнші композиторларға ИИ күресу оңайға соқпасы анық дейді.

Нұржан Керменбаев, әнші:

Қазір композиторлардың күресуі иі. Маған композиторлар жібереді әні, барлығы демеймін, кейде болады ұнап қалады. ИИ-дан да, енді адамның эмоциясы шынайы болғандықтан, жақсы-жақсы композиторлар бар, бірақ ИИ мен күресу қиындап бара жатқан сияқты. Маған солай көрінеді.

 

Эрик те осындай пікірде. Композитор «саналы алгоритмге төтеп беру оңай емес»,- дейді. Десе де жақын күндері бұл дәуір де аяқталады деген үмітте екенін жасырмады.

Эрик Ахим, музыкант:

Біздің шығарып жатқан әндер солармен қапталасып кетіп жатыр. Күніне, айына бір ән шығарсақ, олар күніне миллиондаған әндер шығады да, содан әндеріміз жи шығарылған әндер арасында жоқ боп кетіп жатыр. Бірақ адам жазғаны Жи жасағаннан шамалы ажыратып жатыр. ЭЖарты жыл бір жылдан соң адамдар Жидан шаршайды деп ойлайм, сол кезде бізде шанс болатиын шығар, әндерін көрсетуге.

 

Алайда ақын Сырым Әуезхан ЖИ дамығанына еш қапалы емес. Ақылды сананың жасағаны адамның шабытынан туған, шын жүректен шыққан шығармаларға бәсекелес бола алмайды дейді.

Қазір ЖИ жасалған әндер хитке айналып жатыр, жасырын емес, қаншалықты бұл ақындардың жұмысына әсері бар?

Сырым Әуезхан, ақын:

Шынайы нәрсенің күші көбейе береді. Фаст-фуд көбейгенде ауыл тағамының дәмін аңсайды. Сол сияқты ЖИ басқа да техникалық мүмкіндіктер контентті көбейткенімен, адамның ықыласы қосылған контенттің құқны азаймаса кемімейді..

Талай рухты әндердің авторынан тапсырыс жайлы да сұрадық.

Жаңа әріптестеріңіздің бірінен сұхбат алып ек, әнші ағамыз былай деді. ЖИ қарқынды дамығавлы, композиторлерге жүгіуім азайды деді. Ал сіздегі таптырыс кеміді ме? Әлде сол қалпы ма?

Сырым Әуезхан, ақын:

ЖИ ұйқасы мықты емес, бюірақ әншілердің өлеңге деген талабы да жоғары емес, ұқйқаспаса да азйта беруі мүмкін.

 

Сырым мырзаның ИИ-ді бәсекелес көрмеуі орынды-ақ. Өйткені нейрожүйенің қазақшасы расымен-де шорқақтау. Ақын саналы алгоритмді былай қойғанда, автормыз дейтін талайлар да сөзді дұрыс қолданбайды дейді. Ал бұл басқа тақырып, кейінірек тарқатармыз.

 

Автор: Д. Қыдырбек