American Music Awards марапаты

Сообщить о проблеме с эфиром

Музыканың мықтыларын анықтайтын American Music Awards марапаты өз үміткерлерінің тізімін жариялады. Әншілер арасында Дрейк пен Карди Би сегіз бірдей аталымда бақ сынап, рекорд орнатып отыр.

Бұл жолы, «жылдың ең үздік орындаушысы» жүлдесіне Дрейк, Тейлор Свифт, Эд Ширан мен Post Malone таласпақ.

Жақында ғана көз жұмған XXXTentacion-ның есімі де үміткерлер тізімінен табылды. Марқұм рэпер Карди Би, Камила Кабелло, Дуа Липа, Халедпен бірге «ең үздік жаңа әнші» марапатына лайық деп саналған.

Музыкалы сайыста k-pop-қа да орын табылды. Корейлік BTS ұжымы Карди Би, Ариана Гранде, Деми Ловато, Шон Мендеспен бірге «Ең сүйікті әлеуметтік жоба» жүлдесін жеңіп алуға ниетті.

Айтулы жарыста Риана мен Бейонсеге тек бір аталымнан бұйырған көрінеді. Қос өнерпаз марапатқа қол жеткізе ме? Оны қазанның 8-і күні білетін боламыз.