Телехикаялар

Параллель
Бала күнінен кедейліктен кұтылуды армандаған үш достың тағдыры. Олар таңдаган жол - алдау, қорқыныш пен опасыздык. Оңай ақша үшін тағы нені кұрбан етуге дайын?
105 YOUTUBE арнамыздан тамашалаңыз
Жаңа мектеп, жаңа орта. Бірақ бұл жерде буллинг заңдылыққа айналған. Аслан жүйеге қарсы шыға ала ма?
Шыда 1,2 YouTube арнамызда
Бұл драма бүгінгі қоғамның өткір мәселелерін - отбасындағы зорлық-зомбылық пен әйел құқығының шектеуін қозғайды. Ерте тұрмыс құрған Айша күйеуі мен ата-енесінің қорлауына жылдар бойы төзеді. Төзімі таусылған келіншек ұлын алып, жаңа өмір бастауға шешім қабылдайды. Бірақ ел-жұрттың сөзінен қорққан Айшаның туған әке-шешесі қыздан бас тартады. Бақыт жолында Айша сынып кетпей, қиындықтарға төтеп бере ала ма?
ПАТРУЛЬ
Полиция қызметкерлері деген кім? Біреулердің айтуынша, олар жалқаулар, ал біреулердің айтуынша өздері заң бұзатынын қылмыскерлер. Бірақ іс жүзінде олар маңызды іспен айналысады — қылмыскерлерден бейбіт азаматтарды қорғау! Серік пен Берік ауданды күзетеді және бұл жұмыс оларға рахат әкеледі!
Қағаз кеме
Еліміздегі музыкалық бағытта таспаланған ең алғашқы телехикая. Оқиға желісі жоғарғы өнер мектебінде өтеді. Жоғарғы сынып оқушылары арасындағы достық қарым-қатынас пен махаббат жайлы баяндалатын алғашқы музыкалық хикая.
Мошенники YouTube парақшамызда!
Сериал қылмыстықтоптың өмірін көрсетеді, олар алаяқтықпен айналысады. Топ жетекшісі Дастан – білімді адам, психологияны жақсы біледі, кез келген адаммен тіл табыса алады.
MEOW Уже на YouTube канале
Сюжет ағайынды Самат пен Мараттың оқиғасына негізделген. Мараттың інісі Самат есірткіге тәуелді және ол бұл жаман әдетін ағасы мен анасынан жасырады. Бірақ көп ұзамай құпия ашылады.
ЖБ YouTube арнамызда
22 жастағы Ұлан,талантты дәрігер-интерн әрі футбол білгірі, армандаған аруына жақсы әсер қалдырғысы келеді. Оны қымбат көлікпен серуендету үшін, ол детейлингорталығында жұмыс істейтін досынан клиенттердің бір көлігін сұрайды. Бірақ, кездесуден кейін Ұлан Ринаттың көлігімен апатқа ұшырайды, көлікті жөндеуі үшінҰланнан ақша талап етеді. Қарызды төлей алмаған Ұлан оқиғалар тізбегінің құрбанына айналады: ол өзіне тиесілі емес көлігінен айырылады және екі адамғақарыз болып қалады.
Бақытсыздар бағы
Махаббат пен оның жолындағы түрлі тартыс жайлы жаңа отандық телехикая. Қос ғашық Рүстем мен Ботакөз ата-анасының жіберген қателіктері үшін өмірдің кедір-бұдыр жолымен жүріп өтуге мәжбүр. Тіпті ауылдан келе сала, қисынсыз жайтқа тап болған Ботакөз сүйгенінің қаны бір ағасы екенін де білмейді. Қас-қағым сәтте дөңгеленген дүние, толғауы тоқсан тіршілік, өзекті өмір, тағдырға деген ұшқыр қиялы бар жандар жайлы тың телехикая
Түнде атылған оқ
«Түнде атылған оқ» телехикаясы бірнеше детективтік оқиғаларды қамтиды. Соның бірі орманда Мырзаш есімді жазықсыз қартты өлтіруден басталады. Оқиғаның басты жауыз кейіпкері – сатқын тыңшы, Орта Азия мен Қазақстан бойынша барлау мектебінің маманы, қазақ тілін білетін Черноносов. Оның мақсаты – бір снарядпен бірнеше ұшақты атып түсіруге қабілетті қару өндірісі туралы мәліметтерді жинау.
103
Жедел жәрдем бригадасының жұмыс күндері қалай өтеді? Күн сайын қазақстандықтардың өмірін құтқаратын, әзіл-қалжыңы жарасқан, тіпті күлкілі емес өмірлік жағдайларда мұңаймайтын жандар туралы шынайы және өткір хикая көрермендерге жол тартады. Ситком кейіпкерлері - жүргізуші, фельдшер және оның көмекшісі. Әрқайсысының өз қиындықтары мен армандары бар. Бірақ олардың негізгі борышы: санаулы минуттар ішінде тез шешім қабылдау
Қыз қиялы
Арман қуалап үлкен қалаға келген қыздың жұлдыздар әлеміндегі сынаққа толы өмірі жайлы отандық телехикая.  Басты кейіпкер ауылдан мегаполиске өзінің арманы – актриса болу үшін келеді. Алайда, сұлу қыз оқуға түсе алмай, бірақ тағдырдың еркі бойынша атақты жұлдыздың үй шаруасына көмектесуге жұмысқа тұрады. Ерекше мейірімді қыз тек анасымен ғана емес, ұлымен де ортақ тіл табысып кетеді. Оны білген анасы жастардың бірге болуына барынша ықпал етеді. Бірақ іс жүзінде бұның артында не тұр және қыздың тағдыры қалай өзгерер екен?
Преподы
Басты назарда – Марат. Ол Қазақстанда туып өскен ең қарапайым жас жігіт. Біздің әрқайсымыз сияқты, армандайды, болашаққа жоспар жасайды. Өмірде ең бастысы Марат: жақсы ақы төленетін жұмысқа орналасқысы келеді, армнаындағы қызды кездестіріп, үйленіп, мықты отбасы болғысы келеді. Марат қалыптасқан адамның өмірін осылай көреді. Марат жоғарғы оқу орнына жұмысқа тұрып, көптеген жаңа адамдарды кездестіреді. Әріптестер біртіндеп жаңа достарға айналады. Өмір басынан аяғына дейін өзгеріп, барлығы таза парақтан басталады…
Қазақпыз ғой
Юморға толы астары бар, әзілі мен шындығы қатар жүретін жаңа бағдарлама! Алты түрлі скетчкомнан тұратын 20 минуттық күлкінің кепілі десек те болады. Актерлермен бірге хандық дәуірге саяхат жасап, өзіңізді Үнді телехикаясының қақ-ортасында сезініп, екі бірдей аңғалақ тергеушілер мен келбеті келіспеген даяшы қыздың оқиғаларын, оңай ақша тапқысы келіп жүрген жолы болмағыш Секаны, «Тез-шоу» бөліміндегі елден-ерекше қонақтардың қызығын тек осы бағдарламада тамашалай аласыз!
Ауылдастар
Қаланың еркіндігінде еш қамсыз өмір сүріп жүрген жігіт, әскерден құтылу үшін, ауылға жол тартады. Нағыз еңбекке тап болған Айбек - өмірдің екінші қырымен танысуға мәжбүр! "Вузеры", "Патруль" сынды көрерменнің көңілінен шығып үлгерген топтамалардың авторларынан тағы бір сыйлық - жаңа комедиялық хикая! Қалалық жігіттің ауылдағы қызықтарын бірге тамашалайық!
Сүйіктім
Тағдыр сынына толы Ажардың өмірі туған әкесі өте бай адам екенін білгенде күрт өзгереді. Бірақ бұл өзгерістердің кесірінен өз сүйгеніне қосылу үшін көптеген қиындықтарға тап болады.
Теңіз түсті махаббат YouTube арнамызда
Сериалдың бас кейіпкері Ада келешегінен үміт күттіретін әрі табысты бизнесвумен. Ол туризм саласында қызмет етіп, келешекте бизнесін шетелде дамытуды жоспарлап қойған. Алайда Аданың жоспары сауық кештерінің бірінде бәсекелесімен кездесуден кейін күрт өзгереді. Ақтауға сапар, кәсібіндегі сәтсіздіктер, жақынынның сатқындығы және ғашықтық хикаясы…
Шыңға шық
Бұл интригаға , қастандықтарға, сәттілік пен махаббатқа толы оқиға.  Басты кейіпкер Бегімай құрбысының түйіндемесімен Баян Мақсатқызының продюсерлік орталығына жұмысқа орналасады.
Зауал
Сюжеті көптеген қазақстандық отбасылардың шындығына ұқсас отбасылық мелодрама. Бір қарағанда Айдаровтар отбасы өте табысты және тату көрінеді. Бірақ бұлбір көргенде ғана. Үлкен ұлы үйге жас қалыңдықты әкелгенде, кенеттен бәрі аяғынан басына қарай өзгереді. Жас келіннің дау-шарлары, айқайлары ата-анасын ұлының таңдауы туралы ойлануға мәжбүрлейді.
Dostyq 99
Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан келген төрт достыңтарихы суреттеледі. Университетті бітірген соң, олар үлкен қалада қалып,бірге пәтер жалдап тұрады. Шымкенттен келген Еділ – учаскелік полицияқызметкері. Оқуды аяқтаған соң, байланыстарының арқасында полицияғажұмысқа орналасып, оны қаланың ең даулы ауданына жіберген, мұнда ол түрлікомедиялық жағдайларға тап болады. Семейден келген Рауан – үнемі жұмысіздеуде. Ол көпшіліктің бірі сияқты даңқ пен ақшаға құмар, сондықтанәлеуметтік желілерде белсенді. Петропавлдан келген Рамис – жеткізуші.Әр тапсырысы кезінде әрқашан қызықты оқиғаларды бастан кешіреді. Ақтауданкелген Даулет – спортшы, спорт кешенінде әр түрлі жұмыс істейді: фитнес-жаттықтырушысы,бокс немесе йога жаттықтырушысы.