Әсел Сағатоватың кино индустриядан көрінбей кетуінің себебі неде?

Сообщить о проблеме с эфиром

Актриса алғаш рет ашылып сұқбат берді.

Нұрсұлтан Есжан, тележүргізуші:

- Нұрлан Қоянбаевтың кезекті романтикалық комедиясы көрермендерге жол тартпақ. Продюсер Голливудтық актерлардың қатысуымен «Love is...» немесе «Махаббат в Лос-Анджелесе» атты туындысының соңғы кадрларын осы жерде, Орталық стадионда таспалап жатыр. Шыны керек, мен мұнда қандай көрініс түсірілетінін білмеймін. Маған қызығы киногердің кезекті лентасы несімен ерекшеленбек және «Бизнес по-казахски» сынды касса жинай алар ма екен?

Нұрлан Қоянбаев осыдан жарты жыл бұрын бастаған «Love is...» фильмінің түсірілім жұмыстарын аяқтауда. Продюсер романтикалық комедияның соңғы кадрларына күздің салқын ауа райын күттік деп отыр.

Нұрлан Қоянбаев, актер, продюсер:

- Анау жерге құрып қойыпсыздар да, не болып жатыр мында?

-Киноға дайындық болып жатыр, жалпы бұны көрсетуге болмайды көрермен көріп қояды..

- Не фильм?

-Енді бұл романтикалық комедия. Киноның жартысын Лос- Анджелесте АҚШ-та түсірдік, ол жерде Кэри Тагава жапондық актер және де Бай Линг қытайдың актрисасы, енді қазір голливудтың актрисасы, сондай кісілер қатысты бұл киноға.

- Қымбатқа түсті ма ол актерлар?

-Жалпы осы жерде бір айтып кеткім келіп отыр, АҚШ-да өздеріңіз білесіздер, ағамыз Еркін Ялғашов деген продюсер ағам сол жақта тұрады көп жылдан бері. Сол кісі бізге осы киномызға көп көмектесті.

- Түсіртті ма бағасын?

- Бағасын түсірткенде, шын айтайын жалпы енді тегін келді деп айтуға да болады. Өйткені, олар бағасын айтатын болса өздеріңіз білесіздер ғой, голливудтың ақшалары өте көп біз оны көтере алмайтын едік.

Қоянбаев аталмыш лентаға алғашында тек продюсер ретінде ғана бой көрсетпек еді. Ол үшін киногер тіпті басты рөлді жас актерларға сеніп тапсырмақ болған.

- Негізінде басында сценарийді жас актерлерге арнап жазыпсыздар, кейін өзгерістер болыпты. Себебі не? Жас актерлер бас тартты дейді, қалайша бас тартып жүр деп ойлаймын.

- Мен де сөйтіп ойлаймын да... Қалай бас тартты деп. Жалпы енді бұл жерде жалпы өзім түспеймін деп ойлағанмын, осы жерде жас актер аттарын айтпай-ақ қояйын, бір актерым басқа киноға түсіп жатырмын деді шашын алып тастаған тақырбас қылып.

- Тап тақыр бас..

-Иә ол біздің киномызға сәйкес келмеді, ол кинолар жақында шығады.... Сөйтіп тағы бір актерымыз онда да басқа киноға келісім беріп қойдым деді да сондықтан біз көп ойланбай, енді біздегі авторлар Нұреке өзің ойнасаңызшы деген ұсыныс болды.

- Ұзақ уақыт түсірілді, шетелде түсірілді, көп қаржыны талап етеді, көп шығынды талап еді. Жалпы, ақтай алар ма екен? Табысты болады деп ойлайсыз ба фильміңіз?

- Жалпы кино түсірер алдында екі мақсат болады, ол әрине біріншісі мен қайта-қайта айтып отырмын бұл өте маңызды – көрерменге ұнау, екіншісі әрине табысты болса екен деген.

Романтикалық лентада Нұрланның сүйіктісін Әсел Сағатова сомдайды. Ұзақ уақыт көзден тасада болған актриса, «отбасы-ошақ қасында отырамын» деп кино әлемінен жырақтап қалған көрінеді.

Әсел Сағатова, актриса:

-Әсел, біраз болды көрінбей кеткеніңізге, көркем фильмдерден көркем туындылардан? Себебі не? Ана атануыңыз ба? Декреттік демалыстасыз ба?

- Ия, декреттік демалыста болдым. Оған қоса, соңғы кездері маған келіп түскен ұсыныстар онша көңілімнен шыға қоймады. Сондықтан болар мен барлық рөлдерден бас тарттым.

-Кастингтен өттіңіз ба әлде Нұрекең өзі шақырды ма жобаға?

- Нұреке өзі шақырды.Енді біз Нұрлан екеуіміз жақсы доспыз. Неге бірге жұмыс істеп көрмеске деп ойладым. Нұрлан басты рөлге ұсыныс жасады, мен қуана келістім.

Ал, Әсел Сағатованың жаңа рөліне көрермен келер жылы өз бағасын бере алады.