Алтынай Жорабаева сахнаға шығар алдында келеңсіз жәйтқа тап болды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дана Нәбидің қолынан шыққан кез келген туындының елеусіз қалмайтыны рас. 6 жылдан бері сән нарығында жүрген ол, қазақыландыруды ең бірінші отандық шоу-бизнестен бастапты.

Осыған дейін: Салтанат Бақаева, Алтынай Жорабаева, Қарақат Әбілдина, Альмира Тұрсын, Светлана Айтбаева, Димаш Құдайберген секілді танымалдарға киім тіккен. Атағы жер жарып тұрған жұлдыздарға да, әйгілі әншілерге де жарнама үшін тегін қызмет көрсетпейді екен. Сәнгер «қол өнерімнің құны қымбат» дейді.

Дана Нәби, сәнгер:

– Бартерға жоқ. Бартерға және сыйлыққа, не жұлдыздарға сыйлыққа ешқашан тікпеймін.

Ал, ұлттық нақышты қашанда құп көретін Алтынай Жорабаева «Оюлы көйлегім, күлкіге қалдыра жаздады» дейді. Әнші Дана Нәби тіккен киім, саханаға шығар алдында келеңсіз жағдайға ұшыратты деп отыр.

Алтынай Жорабаева, әнші:

– Сарыағашта былтыр... Көктемде концерт бердік. Сонда Данаға айтқам ғой: «Алдынғы замокты маған прочный жаса и қысыңқырап тік» дедім. Сахнаға шығайын деп тұрмын, дірілдеп бара жатырмын. Ананы жаба аламай жатырмын. Содан қатты жапқан кезде бәрі ағытылып кетті. Содан қайтадан алдындағы киеген көйлекті киіп шықтым.

Ал, Алтынайдың өзі болса, күнделікті өмірде қазақи киімдерді киіп жүруге қарсы емес. Тек ел оның бұл қылығын кезекті хайпқа балап, түсінбей қала ма деп қорқады.

Алтынай Жорабаева, әнші:

- Тіпті күнделікті киетін көйлектердің фасоны қазір бұрынғы қазақтың камзолдың ішінен киетін көйлектердің фасоны ғой. Высокая талия, көкіректің астынан дегендей. Сондай киген кезде: «Немене екі қабат құсап. Сондай көйлектер киеді» деп адамдар онша түсіне бермейтін да.

Ал Меруерт Түсіпбаева «Ел не демейді?!» деген қағидамен өмір сүреді. Тіпті үстіне үйлескенін іліп кете беретін әнші, ешқандай эксперименттен қорықпайтынын айтады.

Меруерт Түсіпбаева, әнші:

– Мен негізі өзіме не ұнайды, соны кие беремін. Кейбір адамдар айтады маған: «Сіз жасыңызға сәйкес киінбейсіз» деп.

Бірі «Қазақылық қашанда трендте» десе, бірі ұлттық нақыштағы киімдерді тек мереке күндері ғана киетінін жасырмады.