#Metgalachallenge желі қолданушылары арасында трендке айналды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Cән әлемінде «Оскармер» пара-пар «MET Gala» шарасы биыл коронавирустың кесірінен болмайды! Дәстүрге айналған костюм институтының балы 1974-ші жылдан бері ұйымдастырылып келген еді. Әдетте, бұл шарада бас қосқан бомонд ерекше образдарын паш ету үшін жиналатын.

Сән саласында орны бөлек «MET Gala»-ның өтпеуі көрерменнің көңілін күпті еткендей. Себебі, әр салтанат соңы қызу талқы мен жұлдыздарға арналған әзіл мемдермен аяқталатын. Бұл жолы, жобаның жанкүйерлері әйгілі шараға арнап ерек челлендж бастауды жөн көріпті.

MET Gala челленджінде көпшілік ел есінде қалған образдарды қайталауға тырысқан. Әсіресе Рианна, Джаред Лето, Эзра Миллер мен Зендаяның киген киімдері жиі кездеседі.

Ал карантинде үйде жатқан фанаттар үлгілерді қолда бар дүниемен жасауға тырысқан. Жұлдыздардың өзі болса, эпатажды образдарын инстаграмға қайта жүктеп, еске алды.