Джиган Тиматимен табысты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Джиган биігінен құлай бастағанда, оған тас атушылар мен оны қаралаушылар көбейді. Бірақ рэпер бәрін ой елегінен өткізіп, көп адамды кешірген секілді. Күні кеше Денис Устименко экс- продюсері Тиматимен бірге инстада тікелей эфирге шығып, ағынан жарылды. Кезінде «Black Star» лейблын шулатып шығып кеткен ол, Тимурдан кешірім сұрады. Продюсер де өз кезегінде қолдауын білдіріп, ДжигАнға қайтадан бірігіп жұмыс істеуге ұсыныс білдірді. Енді олар жақын күнде жаңа жобаға кіріспек.

Харви Вайнштейнге тағылар айып тоқтар емес. Темір тордың арғы жағында жатқан продюсердің былықтарын, кезінде қорқып айтпаған актрисалар әшкере етуде. Мәселен күні кеше Хелена Бонем: «Харви аяушылықты білмейтін, өте жауыз адам еді. Ол: «мен туралы жақ ашсаң, енді киноға түсемін деп ойлама» деп қорқытатын», - деді. Бірақ сылқым кейін өз мансабын жасап алған соң, Харвиға бағынбайтын болған. Бірден оның айдауынан шығып, бөлек кетіпті.

Регина Тодоренко түсіп кеткен абыройын көтеремін деп әлі әлек болып жүр. Тележүргізуші әйелдердің құқығын қорғайтын «насилию.нет» ұйымына 2 миллион рубль аударған. Бұл қор құрылғалы бері түскен ең ірі сомма екен. Бұл жайында Регинаның өзі инстаграм парақшасында жариялады. «Мен түсірген деректі фильмнен кейін үйдегі қоқан-лоқының 5-7 пайызға өсіп кеткенін байқадық. Осыған қарап мен психологтар, заңгерлердің жетіспейтінін түсіндім. Бұл қаржыны мықты мамандарды жинауға жұмсаймыз», - дейді ол. Желіде Тодоренконы қолдайтындардың қарасы көбейген.