Баянның орнын басты! «Экс-Кешьюлік» Элизатқа енді өзінің күйеуі продюсер болатыны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Экс-Кешьюлік Элизат Берікованың күйеуі енді оның продюсері атанбақ! Атышулы Баян Алагөзованың орнын басқан ол, жұбайының жұлдызын жаға ала ма? Ал шоу-бизнеске жаңадан келгеніне қарамастан, отағасы Элизатқа қатаң талап қойып жатқаны рас па?

«Кешью» тобымен қош айтысқалы бері Элизат Берікова өнерден мүлдем жырақтап кеткен еді. 2 жыл бұрын тұрмысқа шығып, бүгінде 2 баланың анасы атанған әнші: «шығармашылымды қолға алатын уақыт келді», - деп отыр. Оның үстіне Элизатты сахнадан ғана емес, өз фильмдерінен көргісі келетін киногерлер көп көрінеді.

Элизат Берікова, «Kesh You» тобының экс-әншісі:

-Ұсыныстар түсіп жатыр бірақ, ойдан шықпай тұр рөлдер. Кішкене бір жақпайды маған ол рөлдер және күйеуіме де ұнаған жоқ. Сондықтан түспейсің деді. Содан кейін жарайды дедім.

Берікова өзіне түскен ұсыныстарды күйеуімен ақылдасып қана, шешеді екен. Әнші жолдасының көңілінен шықпаған сцанарий болса, бірден бас тартады. Оның үстіне Элизаттың жары бұдан-былай оның продюсері атанбақ.

Элизат Берікова, «Kesh You» тобының экс-әншісі:

- Мен продюсерлермен жұмыс жасағым келмейді қазіргі таңда өйткені күйеуім продюсер болады иә. Өйткені продюсермен көп жылдар бойы жұмыс жасадық. Сондықтан қазір енді өзімізі бөлек шығатын уақыт келді деп ойлаймын продюсердан бөлек.

Одан бөлек, енді Берікованы тойлардан көріп қалсаңыз еш таңқалмаңыз. Тректерін қазірден дайындап қойған әнші, көп ұзамай қыз ұзатуға кіріспек.

Элизат Берікова, «Kesh You» тобының экс-әншісі:

- Бұйырса қыздарды ұзатамын деп айтқан болатынмын күйеуіме. Күйеуім келісті. Сондықтан әнімізді жазып қойдық, дайын бұйырса инстаграм желісіне шығарамын. Енді халықтың көңілінен шықса, қыздарды кереметтей қылып өзінің еліне шығарып салуға өзінің үйіне шығарып салуға мен дайынмын.

Десе де, Элизаттың жеке әнші ретінде танылуына күйеуі қарсылық білдіріпті. Сылқымның жары оның бұрынғыдай ашық-шашық образдармен сахнаға шыққанын қаламайды екен.

Элизат Берікова, «Kesh You» тобының экс-әншісі:

- Былай шығайын десем сахнаға, күйеуім баяғыдай бір қысқа киініп, ашық-шашық киінген сияқты кішкене секіріп билеп солай шығайын десем, сондай кішкене қарсы. Енді 2 баланың анасысың енді қой деді.