«Веном 2» сұраныстағы кинотуындылар көшін бастады!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Веном 2» көптен күткен фильмдер көшін бастады! «Comic Book» басылымы көрермен арасында 2021-ші жылы жарық көретін ленталар тізімін ұсынып, сауалнама жүргізген еді. Онда «Форсаж 9», «Матрица 4», «Аватар» және «Человек-паук 3» сынды туындылар тізімге енген. Том Харди басты рөлді сомдайтын фантастикалық лента ең көп дауыс жинап отыр.

Еске салсақ, Марвелдың зұлым кейіпкер жайлы картинасының алғашқы бөлімі, 2018 жылы жарық көріп, әлем бойынша 856 млн доллар жинаған болатын.

Ал Шарлиз Терон су жаңа фильмінің трейлерін ұсынды. Актриса «Netflix» компаниясы ұсынған «The Old Guard» туындысында басты рөлді сомдады. Голливуд жұлдызы картинада Энди есімді капитанның образына енген. Ол құпия агент атанып, айыптыларды тұтқындау миссиясын орындамақ. Аталмыш лента 2020-шы жылы шілде айында жарық көреді.

Әйгілі «Тақтар ойыны» телехикаясының жұлдыздары Питер Динклейдж бен Джейсон Момоа ортақ түсірілім алаңында қайта қауышпақ. Танымал қос актер «Good Bad & Undead» хоррорына басты рөлге шақырту алған. Еске салсақ, жігіттер «Тақтар ойынында» Тирион Ланнистер мен Кхал Дрого кейіпкерлері ретінде танылған еді.