Карантин кімнің қалтасын қақты?

Сообщить о проблеме с эфиром

Елімізде де ауқымды шаралар шегеріліп, тойлар тоқтатылғалы әртіс біткен бос қалды. Cән апталықтары, концерттер мен кинопремьералар! Сонымен, карантин кезі қай өнерпаздың қалтасын көбірек қақты?

Жеңісхан Момышев «Базар жоқ, Мексика» комедиясын ұсынып, көрерменді таңқалтуы тиіс еді. Ол үшін киногер командасымен мұхит асып, шетелде туындыны таспалап келген-ді.

Жеңісхан Момышев, режиссер:

– «Базар жоқ, Мексика» екінші апрельде шығуы керек болатын. Карантинге байланысты 15 июньге қойылып жатыр. Алла бұйыртса 15 июнь еш нәрсе өзгермесе «Базар жоқ, Мексиканы» көресіздер.

Өкінішке қарай, лента 15-маусым да үлкен экранға жол тартпады. Бұл картинамен бірге Айқынның тынақалды «Где мое кольцо» атты фильмі, сондай-ақ «Келінка Сабина-3», «Семейные страсти», «Гуд бай мой бай» ленталары да халықпен қауышпады.

Сән әлемінің өкілдері де каратин қалтамыздан қақты дейді! Еске салсақ, Kazakhstan Fashion Week, Almaty Fashion Week маусымның кезекті көрсетіліміне қызу кіріскен-ді. Бірақ әсемдік шаралары болмады. Ал балалар фэшн апталығы - «Eurasian Kids Fashion Week» онлайн форматта өткен еді.

Ләззат Мамедова, ұйымдастырушы:

– Үйімізге шамамен 30-ға жуық кішкентай сәнбикелер жиналды. Карантин талаптарын ұстанып, барлығын фотоға түсіріп жатырмыз. Түсірілім алаңында тек оператор ғана жұмыс істейді.

Киногерлер мен сәнгерлерден өзге, музыка саласының өкілдерінің де құрған жоспарлары көп еді.

Алуа Қонарова, продюсер:

- Қарамағымдағы Ринго, Рензо, Аянат пен соло әншім Асылтас Аяптың шығармашлығын шыңдау басты мақсатым. Егер сәтін салса, мега үлкен жобаны жүзеге асырмақпын.

Серік Ибрагимов, әнші:

- 2020-ға жоспарлар болғанда, сол біздікі күйбең тіршілік қой. Ән жазу, бейнебаян түсіру. Наурыз айына дейін жаңағыдай бір салмақты дүние түсіремін.

«Ayanat» тобы:

-Алла қаласа 2020 жылы бүкіл біздің жоспарларымыз орындалады деген ойдамыз. Көп жоспарларымыз бар.

Алайда, бүкіләлемдік ахуал ешкімнің де жоспарына қарамады. Одан өзге бұл аралықта Халық әртісі Роза Рымбава бастаған өнер өкілдерінің концерттері кейінге шегерілді.