Карантинге қарамастан клип түсірген кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Пандемия кесірінен тараймыз», - деп тыңдарманын таңқалдырған Кешьюліктер нағыз карантинге арналған ән жазып көпті таңырқатты.

«Между нами любовь» әніне таспаланған бейнебаянды 98 мыңға жуық көрермен қарап үлгерген.

Алайда маскадан қорған іздеп, қашықтан ғашық болған арулардың туындысы көптің көңілінен шықпағандай. Бірі: «босқа кеткен ақша», - десе, енді кейбірі: «Кешьюліктер өз бағытынан тайды», - деп сынның астына алды.

 

Есесіне EQ-ліктер мақтаудың астында қалды. Топтың «Қалсын осылай» әніне түсірген бейнебаяны карантинде жатқан тыңдарманның көңілін көтере білгендей. Еске салсақ, клипке ұжым мүшесі Саматтың өзі режиссерлік еткен болатын.

Димаш Құдайбергеннің де шығармашылығына ешқандай корнавирус тұсау болмақ емес! Керісінше, әнші дәл осы карантин кезінде кезекті клипін ұсынып, қызу талқыға түскен еді. Өнер иесі туындысын таспалауда режиссерлықты өз қолына алып, тың тартуымен «диарсты» қуантты.

«Қайран елім» бейнебаяны санаулы күн ішінде 1 млн-нан аса қаралым жинап үлгерді.