Ninety one тобы кезекті клиптің тизерін ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ninety one-дықтардың дәл осы «Сеньорита», яғни «Текке текке» трегі жарыққа шықпастан танылып үлгергені жасырын емес. Оған себеп, туындының үзіндісіне иглздың Тик-токта видео таспалануы. Енді, міне q-pop ұжымы көптен күткен әннің тизерін ұсынды. Су жаңа клип тылсым күш тақырыбында таспаланған. Еске салсақ, бұл бейнебаян топтың камбэгі болмақ.

Назым Әбілдина да карантиндегі тыныштықтан соң, шығармашылығын мүлгітіп қоймақ емес! Экс-Кешьюлік бикеш кезекті әнін ұсынды. Желіде жарық көрген туынды «Сүйем деші» деп аталады. Трекке бейнебаян таспалана ма, жоқ па әзірге белгісіз.

«Americas Got Talant» шоуы өз мәресіне жетті! Өкінішке қарай, байқауда бақ сынаған отандасымыз Данелия Тулешова жеңімпаз тұғырынан табылмады. Бас жүлде шешендік өнер шебері, ақын - Брендон Ликке бұйырды. Есесіне, Данэлия бұл кеште өзінің сүйікті орындаушысы Эйва Макспен дуэт орындады. Айта кеткен жөн, әділ-қазылар құрманда отырған актриса София Вергара қолында болса, жеңісті Тулешоваға беретінін мойындаған-ды!