«Forbes Kazakhstan» басылымы табыстылар тізімін ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Forbes Kazakhstan» басылымы ұсынған рейтингісінің көшін «Ирина Кайратовна» ұжымы бастайды.

2017 жылы 20 мамырда алғаш рет әзіл-оспақ роликтерін ютуб хостингіне жүктеген жігіттер, табан астында танымал болып шыға келді. Тырнақ алды туындылары бірден бір миллион қаралым жинап, көрерменнің сүйікті скетчіне айналды.

Табыстылар арасында 22 жастағы The Limba лақап атымен танымал Мұхаметали Ахметжанов та бар. Ол жастайынан ән жазып, өлең жазғанды жақсы көреді. Кейіннен хоббиі оны күллі ТМД-ға танымал етті. Алғаш рет «Обманула» трегімен атақты болған бозбала, шығармашылығын бүгінде Мәскеу қаласында шыңдауда.

Тізімді 21 жасқа жақында толған Мади Токтаров жалғастырады. Оны көпшілік «M’Dee» деп таниды. Мәскеуге қоныс аударған өнер иесі

бүгінде Скриптониттың «musica36» атты лейблымен келісімшартқа отырған. Өнер иесінің осы уақытқа дейін екі ірі әнжинағы жарық көрді.

Жоғарыда аты аталғандардан бөлек, актер Асқар Ілиясов, вайнер Біржан Әшім де Forbes тізімінде.