TikTok әлеуметтік желісі бүгінде әншілердің жарнама құралына айналды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Өнер иелері жаңа тректерін таныту үшін би билеп, тіпті әнге вирустық видео таспалауға да әзір. Аталмыш платформада тек жұлдыз емес, қарапайым тіркелуші де танымал атануы бек мүмкін. Ол үшін ерек контент ұсынып, трендке іліксеңіз болғаны. Мәселен, 30 млн оқырманы бар 19 жастағы блогер Белла Порч бір видеоның арқасында күллі әлемге танылды.

Zheka Fatbelly, блогер:

- Мықты жер, болашақ сол жақта, өте мықты контент. Инстаграм сияқты ғой, кезінде қыздар отыратын, мына инстаграмда деп айтатын еді ғой. Қазір инстаграмсыз ешкім өмір сүре алмайды сондықтан.

Трендке айналған қосымшаның тұрақты тұтынушыларының бірі - Zheka Fatbelly! 800 мыңнан аса оқырманы бар блогер, белсенділігінің арқасында 9 млн лүпіл жинаған. Соңғы кездері музыкаға бет бұрған Zheka тректерін дәл осы тик-ток арқылы жарнамалап жүр.

Zheka Fatbelly, блогер:

- Біздің Қазақстанның әншілері бар ғой The Limba Россияда рекорд қойған адам, 2 рет миллион видео түсірген. Міне керемет мынандай мужчина красавчик. Солай істеу керек. Ол өте мықты тактика, оны қолданып білу керек.

Мирас Жүгінісов болса, тик-токқа тіркелмеген болып шықты. Жас әнші тректерін өзі емес, жанкүйерлері жарнамалағанын құп көреді.

Мирас Жүгінісов, әнші:

- Білмеймін өзімнің әнімді тик-токқа салып көрген жоқпын. Бірақ тик-токта бар. Тик-токқа салуға тырысқан да жоқпын негізі. Бұйырса өзі шығып жатып, басқа біреу салған кезде оның өзі жақсы деп ойлаймын.

Ал Арман Юсупов «тик-ток жұлдызы атану үшін креатив керек», - дейді.

Блогер жұбайы Каринамен бірге «РЕК»-тен түспейді. Танымал жұптың парақшасына 400 мыңға жуық фолловер тіркелсе, видеодағы лүпіл саны 7,5 млн-ға жеткен.

Арман Юсупов, блогер:

- Тик токтың тез танылуының өз себебі бар. Ол жай ғана әлеуметтік желі емес. Онда сен монтаждап, контент жасап үйренесің. Аудитория жинап әуре болмайсың. Сапалы дүние салсаң болды, оқырманың өзі сені іздеп табады.

Әншілер қауымы блогерлерге қарағанда тик-токта аса белсенді емес. Десе де, олардың арасында 300 мың тіркелушімен «Найнти Уан» тобы көш бастаса, Салтанат Бақаева және Алтынай Жолдыбаева үздік үштікті түйіндейді.