«Billboard Music Awards» өз үздіктерін анықтады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Музыка әлемінің кіл мықтыларын анықтайтын «Billboard Music Awards» марапаты тұңғыш рет көрерменсіз өтті! Тіпті, пандемия кесірінен премия алдында қызыл кілем де төселмеді. Десе де, ауқымды жобаның авторлары арнайы жолақсыз-ақ, кешті есте қаларлықтай ете алғандай.

Ал «Billboard Music Awards»-тың биылғы триумфаторы - Post Malone. Музыкант 9 бірдей мүсіншені еншіледі. Оның ішінде «Жылдың ең табысты әншісі», «Үздік рэп-гастролер» және «Стримингтік платформаларда сұранысқа ие болған өнерпаз» сынды номинациялар жетерлік.

Post Malone, музыкант:

- Шынымды айтсам өнерімнің оң бағаланғанына қуаныштымын. Музыка арқылы біз әрбір жанның жүрегіне жете аламыз. Қуынышта да, қайғыда да музыканы тыңдаңыздар, ол барлық дерттің емі бола алады. Рахмет!

Бұл кеште марапатқа ие болғандар арасында Калид пен Lil Nas X те бар. Бұл музыканттар 5 статуэтканы қанжығаларына байлады. Lil Nas X хитке айналған «Old Town Road» туындысымен «Billboard» чартындағы үздік ән» марапатын алса, Калид «R&B» жанрындағы барлық номинацияны жеңіп алды.

Lil Nas X, музыкант:

- Сене алар емеспін! Менің тыңдармандарыма рахмет! Біз бір-бірімізді бағалай білеміз, бәріңді жақсы көремін!

«Billboard Music Awards» шарасында «BTS» тобы да назарда! Әйгілі k-pop ұжым фанаттар таңдауымен «Әлеуметтік желідегі ең үздік әртіс» атанды. Ал Billie Eilish «Үздік жаңа поп-орындаушы» және «Billboard-тағы үздік альбом» иегері.

Billie Eilish, әнші:

-Алғыс айтудан шаршамаймын! Менің жақындарыма, достарыма, өнерге жетелеген ағама және сүйікті тыңдармандарыма бас иемін. Рахмет!

Айтпақшы, музыкалық премия биыл «тұңғыш рет TikTok»-та трендке айналған тректерді де атап өтті! Нақтырақ айтсақ, Cardi B, Doja Cat бастаған әншілер бұл шарада елеусіз қалмады.