Ерке Есмахан «Ninety one» тобының экс-мүшесімен көңіл жарастырғаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Соңғы уақытта әлеуметтік желіде Ерке Есмахан мен экс-91-лік AZ-ді қосатындар саны көбейген. Өнер иелерінің соңын аңдыған иглз тіпті оларды әуежайда құшақтасып тұрған сәтінде көргенін жарыса жазуда. Сондай-ақ, кью-поп шығармашылығына аса қызуғышылық танытпайтын Есмахантегі сториздерінде Азаматты белгілеп, «Жаным сол» деп жазып қойғаны да көптің күдігін үдете түскендей.

Ал Аша Матайдың инста парақшасындағы соңғы суреті көпті тамсандырмай қоймады. Екі баланың анасы тартымды мүсінімен желіні шулатты. Көпшілік Матайтегі Ким Кардашьянның образын қайталады десе, енді бірі Ақботаны Бейонсеге ұқсатуда.

Таяуда ғана DARA Intertaiment-тен дебют алған «Егіз» тобы тырнақалды туындысын ұсынды. Егіз жігіттерден құралған ұжым «Көріпкелмін» деп аталатын әнге анимациялық клип таспалаған. Одан бөлек, q-pop ұжым 4 тректен тұратын ЕР альбом шығарып, тыңдарман қауымды қуантты. Әзірге жаңа толқынның туындылары көп көңілінен шығып жатқандай.