Леди Гага адам өлтіргіш атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Леди Гага енді адам өлтіргіш! Әйгілі әнші әрі актриса су жаңа фильмде дәл осындай жағымсыз кейіпкерді сомдамақ. Гага режиссер Дэвид Линчтың «Bullet Train» атауына ие болған картинасына арнайы шақырту алған-ды. Лентада сондай-ақ, Брэд Питт, Джои Кинг, Аарон Тейлор Джонсон сынды танымал актерлар төбе көрсетеді.

«BTS» тағы да әлемді аузына қаратты! Корейлік бойзбенд су жаңа «Life Goes On» туындысымен рекорд орнатып отыр. K-pop өкілдерінің күні кеше жарық көрген аталмыш бейнебаяны ютуб платформасында бірден 50 млн қаралым жинады. Еске салсақ, боизбенд бұл композицяны COVID-19-дан зардап шеккендерге арнаған-ды.

Деми Ловато болса экс-сүйіктісінен зәбір көріп жүр! Америкалық әншіге бұрынғы ғашығы Макс Эрих орынсыз жала жапқан көрінеді. Макстың айтуынша, Деми екеуінің қарым-қатынасын пиар қадам ретінде қолданған-ды. Еске салсақ, экс-ғашықтар сөз байласа салып, 2 айдан кейін қарым-қатынастарын тоқтатқан еді. Бүгінде Ловато бұл айыпқа жауап беруден бас тартып отыр.