UNFPA – Біріккен Ұлттар Ұйымының жыныстық және репродуктивті денсаулық мәселелері жөніндегі агенттігі. Калия аталмыш ұйымның құрметті елшісі атанған тұңғыш қазақстандық атанып отыр.
KALIYA, әнші:
– 3,5 жылдай мен UNFPA спикеры болып жұмыс істеп жүрдім. Осы жастардың репродуктивті құқықтары, репродуктивті денсаулықтары туралы және медициналық қызметтерге қолжетімділік туралы мәселелерді көтеріп жаттым. Осының бәрі көзге түсіп, осындай дәрежеге әкелді.
Калияның шоу-бизнестен бірден қоғамдық салаға бет бұруы тыңдарманды таңқалтқаны жасырын емес. Алайда, әнші: «Дәл осы жолды таңдауыма шығармашылығым себеп болды», - дейді. Барлығы өнер иесінің «Қыз тағдыры» атты бейнебаянының түсірілмінен басталған.
KALIYA, әнші:
– Клип түсіре бестағанда статистикалық мәліметтерді іздей бастадық. Қанша біздің Қазақстанда тастанды балалардың саны. 9,21 қиын жағдайға түсіп қалған аналардың саны қанша дегендей статитикалық мәлімет іздегендей біздің Қазақстаннан табылмады. Бірақ жолдар біздің UNFPA қорына әкелді.
Әншінің бастамасына қызыға қараған UNFPA ұйымы бейнебаянды бірлесе таспалауды ұсынған. Кейіннен Калия аталмыш агенттіктің спикері ретінде талай жобаны жүзеге асырды. «Қоғамдағы жағымсыз жағдайларға бейжай қарасам, оны қолдағандай сезінемін. Сондықтан, бұл азаматтық борышым», - дейді ол.
KALIYA, әнші:
– Осы UNFPA қорының елшісі Наталья Водянова. Бір-екі ай бұрын ол да елшісі болып тағайындалған. Бірақ Еуропа мен Еуразия, қателеспесем Еуразияда. Ал Қазақстанның елшісі болып тағайындалған мен.
Дәл осы UNFPA болмаса да, БҰҰ-ның ерікті елшісі атанып жүрген әлемдік жұлдыздар жетерлік. Мысалы, Анджелина Джоли босқындар, Шарлиз Терон әйелдер мәселесі бойынша халыққа қызмет атқаруда. Сондай-ақ, бұл тізімде Айшвария Рай, Николь Кидман, Шакирада да бар.