Бала кезінен танылған желі жұлдыздары кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Юсуповтар тұңғышы Алимның кішкентай кезіндегі тәтті қылықтары әлі де көрерменнің есінде. Тіпті, балақай жеке «youtube» каналында түрлі тақырыпта блогтар жүргізетін. Бірақ, өсе келе Алимның қалауымен ата-анасы инстаграм парақшасына контент салуды тоқтатты. Десе де, қазнет қолданушылары арасында бүлдіршіннің танымалдылығы кемімек емес. Бүгінде ол тіпті модель ретінде түрлі түсірілімдерде төбе көрсетіп жүр.

«Тұрмысқа шықпаймын» деп ерекше мәлімдеме жасаған Рамина Алмас та бүгінде танымал балалар қатарында. Бір видео арқылы жұлдызы жанған 7 жасар қыздың ешкімге ұқсамайтын ерекшелігі инстаграм аудиториясын өзіне бірден баурап алды.

Анасы Алинаның айтуынша, ол тұңғышын 3,5 жастан бастап видеоға түсірген. Кішкентай Insta-блогердің бүгінде 982 мың оқырманы бар. Парақшасына күнделікті қызықты вайндар жүктеп отырады. Сондай-ақ, Рамина бүгінде вокалмен айналысып, биге қатысады екен.

Динара Сәтжанның қызы да белсенді инста-блогер. Кішкентай Диана түрлі сән көрсетілімдеріне қатысып, балетпен айналысады. Оның парақшасы қызықты лайф-видеоларға толы. Тіпті, ханшайым қонақүйлерге шолу жасап, тиктокта өмірінің қызықты сәттерімен бөлісіп отыруды әдетке айналдырған.

Ал Қарақат пен Қыдырәлінің ханшайымы Аяланың иснтаграмында 539 мың фалловері бар! Одан бөлек, бұл көштен Жанболат пен Жазираның кестетігері де қалмақ емес. Дараның аккаунтына 80 мың адам тіркелген. Жұлдызды жұптардың кенжелері көпті тәтті қылықтарымен баурап отыр.

Сондай-ақ, кішкентайынан өнерімен тәнті етіп, халық арасында бірден әйгіленгендер қатарында Софи Манасян, Амина Малғаждар да бар.