Үш ағайындының байлық жолындағы оқиғасы баяндалатын телехикаяның түсірілімі өз мәресіне жетті! Ситком ғалым, этнограф аталарынан қалған, 1 миллион доллар мұраны бөлісуден басталады. Қаражатқа қол жеткізу оңай емес. Ақшаны алу үшін, ауылда 6 ай тұру керек. Осы кезден бастап, қалалық немерелер үшін нағыз сынақ басталады.
Ермек Шынболатов, актер:
– Сценарий өте қызықты. Шытырман оқиғалар өте көп. Бір қиындықтың үстіне, 10 қиындық беріп біздің персонаждарымызға өте қолайсыз оқиғаларға түсіреді деп айтуға болады. – Өмірі қиын Сәкеннің. Қалалық жігіт ауылға түсіп кетеді. Әрине бәрі басқаша, өзгеше. Өмірі көрмеген нәрселер.
Бұл басты рөлдердің бірін сомдайтын – Ермек Шынболатовтың кинодан алған әсері. Кейіпкері – Сәкен қаланың нағыз ақсаусағы. Алдыңғы кадрлардан көрінетін актрисалардың тағы бірі – Зере Гусманның айтуынша, түсірілімнің өз қиындықтары болған. «Айканы ашу үшін, көп іздендім. Мен үшін бұл образ үлкен тәжрибе болды», - дейді ол.
Зере Гусман, актриса:
– Айка өте тура, характері бар қыз және де ол өзінің айтқанын істейтін қыз. Не айтып тұрғанын білетін қыз. Менің характерім оған ондай ұқсамайды. Мен өте жеңіл қызбын.
Ал жоба режиссері Бейбіт Өнер команданы таңдауда асқан ұқыптылық танытқанын айтады. Сол үшін де кастинг көпке созылған. «Бұл сериалдың ерекшелігі кіл жастар ойнайды. Жаңа буынға мүмкіндік беретін кез келді»,-дейді Бейбіт.
Бейбіт Өнер, режиссер:
– Сериал очень интересный. Сценарий бір оқығаннан ұнады. Актерларды да, одан бөлек түсірілім жүретін локацияны да мұқият таңдадық. Ешқандай қиындық болмады. Көрерменге де ұнайды деген сенімденміз.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірілген бұл туынды бүгіннен бастап, дүйсенбі мен бейсенбі аралығында, сағат 19:00-де көрерменге жол тартады. Қызықтан қапы қалмаңыздар!