«Хэллоуинді» қазақстандық танымалдар қалай тойлады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жұрт назарын жалт еткізер киімдерді «Хэллоуинде» кигенді жақсы көретін жұлдыздардың бірі – Бибігүл Ақтан. Актриса өткен жылы жасалған костюмдерін есіне алды.

Бибігүл Ақтан, актриса:

– Қазіргі таңда қанға малынған жапондық гейша костюмін кигім келеді. Оның алдында мен қасқырдың, бавар қызының және қанішердің образдарында болдым.

Ал әнші Айбек Серікханов бұл мерекені соңғы рет мектепте оқып жүргенде тойлаған. «Қазіргі мейрамның масштабына қызығамын. Біздің кезде тек бимен шектелетін», - дейді ол.

Айбек Серікханов, әнші:

– Ондай прямо киім әдейі тіктіртіп, кейбіреулер жасатады ғой. Олай жасамаппын. Бірақ дискотекаға барып тұратынбыз. Бірақ қазіргідей болмайтын. Қазір неше түрлі грим жасап, неше түрлі ужас жасап түрлерін.

Ал Шәріп Серік студент кезінде хэллоуинды барынша думандатқанын айтады. Тіпті группаластарымен бірге сол күні әруақ шақырған кезі болған.

Шәріп Серік, актёр:

– Жертөледе достарымыздың үйіне жиналатынбыз. Шырақ жағып, тылсым күштерді шақыруға тырысатынбыз.